Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы
16
март
2014
Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы
    Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы 1993 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияда бастауыш сыныптарының мұғалімі және ұзартылған күн тобының тәрбиешісі болып еңбек етіп келеді. Қазіргі күнде Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда 4 дүркін бастауыш сынып түлектерін ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады.
Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна
16
март
2014
Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна
  Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна   Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна – мектептің бастауыш мұғалімі ретінде үлкен шығармашылық жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Осы ұжымға келген уақыттан бері өзінің ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен, өз мамандығын шынайы сүйетіндігімен көзге түсті. «Дамыта оқыту технологиясы мен әдістерін сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты проблемамен жұмыс жасап, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін
Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы
16
март
2014
Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы
Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы 1991 жылдан бері №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде көптеген оқушылары «Кенгуру» халықаралық олимпиадасында және «Ақбота», «Алтын руно» т.б. білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып келеді. Ұстаз шәкірттерінің ішінде «Кенгуру» ойынының жеңімпазы – 10 оқушы, «Алтын Руно» және «Ақбота» сайыстарының жеңімпаздары – 12 оқушы. Бірнеше шәкірттері мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, жоғарғы
Халелова Гүлжан Ғабдышүкірқызы
16
март
2014
Халелова Гүлжан Ғабдышүкірқызы
Халелова Гүлжан Ғабдышүкірқызы Гүлжан Ғабдышүкірқызы 2001 жылдан бері №159 гимназияда бастауыш сыныптарының мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде жақсы қырынан көрініп, өзін шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз ретінде көрсете білді. Ол – оқушыға терең білім мен тәрбие бере отырып, жеке тұлға қалыптастыруды өзінің ұстаздық мұраты деп біледі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық ашу және сабақ барысында алған
Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы
16
март
2014
Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы
Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы 1999 жылдан №159 гимназияда музыка пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келеді. Музыка пәнін жаңа мектеп бағдарламасы бойынша көркемөнердің басқа сәйкес түрлерімен кешендікте оқытуды шығармшылықпен жүзеге асырады. Жас ұрпақ бойына музыка арқылы ізгілік, көркемдік, адамгершілік құндылықтарын дарытуда дәстүрлі халық өнерін арқау етіп, сол негізде ұлттық музыканың жастар бойына
Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы
16
март
2014
Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы
Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының хореография және музыка факультетін 1996 жылы бітірген. Ол – би өнерінің тамаша маманы. 2002 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда би үйірмесінің жетекшісі ретінде жұмыс жасап келеді. Кәсіби жоғары білікті ұстаз өз шәкірттерінің биге деген құштарлығын арттырып, олардың бойында эстетикалық талғамның және ырғақты сезіну құдіретінің қалыптасуында көп еңбектеніп келеді. Ұстаз
Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы
16
март
2014
Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы
Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы №159 гимназияда технология пәнінің мұғалімі болып 1997 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Ол – еңбекқор, өз ісінің шебері, талапты маман. Еңбек сабағында инновациялық оқыту әдістерін пайдаланады. Технология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға толық жеткізеді: әрбір өнімнің мақсат-қызметін, әлеуметтік мәнін, орындалу технологиясын, өзіндік құнын, тауарлық немесе тұтынушылық сипаттарын анықтап, техникалық картасын жасап отырады.
Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы
16
март
2014
Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы
Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы 2001 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бейнелеу пәнінен сабақ беріп келеді. Бейнелеу пәні-ол шығармашылық өнер ретінде оқушыларды ұшқыр қиялға ендіре отырып, дұрыс шешім табу,оны құрастырып бейнелеу жолымен балаларды шығармашалыққа баулитын шексіз үрдіс. Айымгүл Нұртай осы құдіретті өнерді меңгерген, өзінің бұл шеберлігін оқушы бойына сіңіріп, жүзеге асырудан артық жетістік жоқ деп есептейді. Барлық сыныптарға арнап