Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы

 

Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы

Серікбаева Гүлпара Ырысбайқызы №159 гимназияда технология пәнінің мұғалімі болып 1997 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Ол – еңбекқор, өз ісінің шебері, талапты маман. Еңбек сабағында инновациялық оқыту әдістерін пайдаланады. Технология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға толық жеткізеді: әрбір өнімнің мақсат-қызметін, әлеуметтік мәнін, орындалу технологиясын, өзіндік құнын, тауарлық немесе тұтынушылық сипаттарын анықтап, техникалық картасын жасап отырады. Ұстаз сабақ пен сыныптан тыс технология жұмыстарын біртұтас жауапкершілік деп есептейді. Сондықтан өзі де, шәкірттері де уақыт талғамай, қазіргі заманғы технологиялық жетістіктермен атқарылатын өнерге және дәстүрлі қол өнеріне сүйіспеншілікпен қарап, шығармашылық жұмыстарды ыждаһаттықпен атқарады.

Гүлпара Ырысбайқызы жыл сайынғы аудан, қала көлемінде өтетін мәдени іс-шараларға қатысып, оларда «Халық мұрасы – ою-өрнек түрлері», «Табиғатым-тал бесігім», «Ұлы жеңіс күніне», «Наурыз – көктемгі жаңару» тақырыптарында ұйымдастырылған көрмелері жоғары бағаланады.

Ұстаз оқушыларды шығарамашылық еңбекке баулуда үлкен үлес қосып келеді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған сайыста оқушылары Дауренбекова Самал 1-орынды, Оразбекова Шолпан ІІ орынды иеленді. Ибрагимова Мәдина ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Гүлпара Ырысбайқызы – жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын өз пәні бойынша дайындауға үлес қосып жүрген шығармашыл ұстаз. 2006-2007 жылдарда технология пәні бойынша 5-сыныпқа арналған дидактикалық құралы, «Технология» пәніне арналған плакаттар жинағы жарыққа шықты және ол Республика мұғалімдеріне таратылды.

Ізденімпаз ұстаз жеке педагогикалық-әдістемелік іс-тәжірибесін баспа бетінде жариялап, мектептегі технология пәнін оқытуды жақсарту мәселелері турасында ізденістер жасап жүреді. Атап айтқанда, 2005,2007,2008 жылдары оның мынадай мақалалары жарық көрді: «Ұлттық бас киім», «Тік белдемшенің сызбасын жасау үшін дененің өлшемін алу, сызба масштабы 1:1 үлгі дайындау», «Сырмақтың шетін жиектеу және көмкеру», «Қол тігістерінің қолданылуы», т.б. Әріптестерімен әдістемелік пікір алмасып, ашық сабақтар өткізеді, семинарлар дайындасады.

Гүлпара Ырысбайқызы 2008 жылы «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы мен жемісті еңбегі үшін» бірнеше рет Медеу аудандық білім бөлімінің тарапынан марапатталды.

Серікбаева Гүлпара - әріптестерінің алдында сыйлы, парасатты ұстаз.

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: