Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы
Тынысбекова Маржан Тынысбекқызы
Ұстаз өзінің жеке педагогикалық үлгісімен төмендегідей жетістіктерге қол жеткізген: 2008 жылы Алматы қаласы ұйымдастыруымен өткен «Рауан» 8-ші Фестиваль-байқауда – диплом; 2008 жылы Халықаралық Голливудта өткен «Жұлдыздар» байқауында жеңімпаз дайындағаны үшін – алғыс хат; 2002 жылы «Әнші болғым келеді» байқауына жас буынды өнерге баулуда қосқан зор үлесі үшін – диплом; 2008, 2009 жылдары Астана қаласында өткен 1,2 Халықаралық «Ақ көгершін» балалар байқауында лауреаттар дайындағаны үшін – мақтау қағазы; 2009 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Н.Тілендиев атындағы ән-күй фестивалінің» дипломантын дайындағаны үшін – диплом; 2009 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Жас талант» фестиваліне лауреаттар дайындағаны үшін – диплом; 2009 жылы Қалалық «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған ән байқауына сіңірген еңбегі үшін – алғыс хат; 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған «Біз Отанның ұланы» атты қалалық байқауда сіңірген нәтижелі еңбегі үшін – алғыс хат; 2010 жылы Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен Н.Тілендиев атындағы «Атадан мұра» қалалық әншілер мен күйшілер байқауына белсене ат салысып, шәкірт дайындағаны үшін – алғыс хат; 2010 жылы Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Менің Қазақстаным» атты қалалық байқауда шәкірт дайындағаны үшін – мақтау қағаз; 2010 жылы Республикалық «Әнші болғым келеді» байқауында жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан зор үлесі үшін – алғыс хат; 2011жылы Қалалық «Жарқын жол» байқауында І-орынға лауреат дайындағаны үшін – грамота; 2011жылы Алматы қаласы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Ішкі істер департаментінде өткізілген мерекелік іс-шараларға белсене қатынасқаны үшін – алғыс хат; 2011жылы Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігімізге – 20 жыл» патриоттық әндер байқауында өнер көрсеткен жеткіншектерді дайындағаны үшін – алғыс хат.
Тынысбекова М. Т. 2007 жылы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық курсын бітіргені үшін сертификат, 2010 жылы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының «Музыка пәні мұғалімінің қызметінде интернет ресурстарын қолдану» және «Интерактивті тақта арқылы музыка сабағының өткізу мүмкіндіктері» курсынан сертификат алған.