Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы

 

Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы


Жақашбаева Назгүл Талдыбайқызы 1993 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияда бастауыш сыныптарының мұғалімі және ұзартылған күн тобының тәрбиешісі болып еңбек етіп келеді. Қазіргі күнде Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда 4 дүркін бастауыш сынып түлектерін ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалдық құралдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Ол – мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады. Оның оқушыларының білім сапасы - жоғары. Мысалы, 2008-2009 оқу жылында 4 «В» сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша алынған мемлекеттік аралық байқау тестісінде 95% сапа көрсеткішін көрсетті.

Ұстаз шәкірттері «Кенгуру» атты халықаралық математикалық ойын – сайысында, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында, мектепішілік «Жас математик» олимпиадасында, «Алматы-әсем қала» тақырыбына шығарма жазу байқауында, «Ең бірінші бақытым – тілім менің» мәнерлеп оқу байқауында түрлі жүлделі орындарды иеленді. Оқушылары Нұрбекқызы А., Баялбаева Ж. «Әнші болғым келеді» телевизиялық ән байқауына, «Ақ көгершін» халықаралық балалар эстрадалық шығармашылығының фестиваліне қатысып, түрлі дипломдармен марапатталды. Оқушысы Әлібекова Іңкәр «Өрт және жер сілкінісінен сақтан» жобасы бойынша «Менің мамандығым», «Гуаш техникасының ақылдысы», «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» тақырыптарында қалалық сурет конкурсында 1- орын алып, грамоталармен марапатталды.

Гимназияны бітірген түлектері түгелдей дерлік жоғарғы оқу орындарында білім алып, түрлі салада еңбек жолын бастады. Достиярова Айжан «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жалғастырса, Омарбекова Наргиз – АҚШ-тың Мичиган қаласының Мичиган университетінің алдыңғы қатарлы мақтаулы студенті.

Назгүл Талдыбайқызы әдістемелік жұмыстарға белсенді ат салысады. Мысалы, аудан, қала көлемінде семинарға қатысушы ұстаздар алдында өткізген ашық сабақтары өзіндік ізденістерімен құнды. Ол жаңа буын оқулықтары бойынша қалалық тамыз айының бастауыш сыныптар мәслихатында өз пікірін ортаға салды. «Төл оқулығымыз – бастауыш сыныпта» атты қала ұстаздарының оқулық авторларымен кездесуіндегі пресс- конференциясында математика пәні оқулығы бойынша баяндама оқыды, гимназияның педагогикалық кеңесінде «Білім сапасын арттырудағы тәрбиенің ролі» атты баяндама жасады.

Ол өзінің шығармашылық ізденістері бойынша баспа бетінде тәжірибе бөлісіп отырады. Жарияланған еңбектері: «Айырмалық салыстыруға және қосындыны табуға берілген есептерді салыстыру» тақырыбындағы мақаласы «Бастауыш мектеп» журналында жарық көрді (2008жыл, №11, 58-59 беттер); Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының 2006 жылы шыққан «Патриоттық, экологиялық және әдеп тақырыптарындағы тәрбие сағаттары» жинағына «Алматыда туғаныма мақтанам», «Мен Отанымды көркейтемін» атты тәрбие сағаттары енген.

Біліктілігін арттыруы туралы мәліметтер:

Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері бойынша, 12 жылдық мектеп жағдайында оқушыларда тұлғалық түйінді құзырлықтарды қалыптастыру бойынша, Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылық бойынша толық курстардан өткен.

Назгүл Талдыбайқызының балаларға білім берудегі еңбегі төмендегідей марапаттаған:

-1999 жылы Білім жүйесіндегі педагог мамандарды қайта даярлау институтының «Жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіндегі үздік көрсеткіштері және табысты ізденістері үшін»Грамотасы;

-2001 жылы –Медеу аудандық білім бөлімінің «Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы мен жемісті еңбегі үшін» Құрмет грамотасы;

-2004 жылы – Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде және бастауыш сыныпты оқытудағы қол жеткен табысты еңбегі үшін» Құрмет грамотасы;

- 2004 жылы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасы;

-2008 жылы – «Дарын» Республикалық Ғылыми –практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бастау–1» байқауының Математикалық турнир грамотасы және 2 дәрежеліДиплом, «Дарын»грамотасы.

2008-2009 оқу жылы – бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігінде «Оқушы қызықшылығын оята білген сабақ» номинациясын жеңіп алғаны үшін:Диплом.

2009-2010 оқу жылы – аудандық білім бөлімінің «Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы мен жемісті еңбегі үшін»грамотасы.




 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: