Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы

 

Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы

Жанұзақова Айымгүл Нұртайқызы 2001 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бейнелеу пәнінен сабақ беріп келеді. Бейнелеу пәні-ол шығармашылық өнер ретінде оқушыларды ұшқыр қиялға ендіре отырып, дұрыс шешім табу,оны құрастырып бейнелеу жолымен балаларды шығармашалыққа баулитын шексіз үрдіс. Айымгүл Нұртай осы құдіретті өнерді меңгерген, өзінің бұл шеберлігін оқушы бойына сіңіріп, жүзеге асырудан артық жетістік жоқ деп есептейді. Барлық сыныптарға арнап дидактикалық материалдардың картотекасын жасаған. Материалдар жеке-жеке нөмірленген папкаларда жинақталған. Олардың қысқаша мазмұны папка бетінде көрсетілген. Көрнекілікке өте бай. Білімді өмірмен байланыстыра оқытады. Оқушыларының бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы жоғары. Мұғалім өзінің жеке дарынының үлгісімен өз бетінше жұмыс түрлерін шебер ұйымдастырады.

Өнерпаз ұстаздың оқушылары да өнерлі. Олар үздіксіз мектеп, аудан, қала, халықаралық көрмелерге қатысып, үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Айымгүл Нұртайқызы – бала мен мектеп мүддесі үшін аянбай еңбек ететін қоғамшыл ұстаз. Оны шәкірттерінің жеткен жетістіктерінен көреміз.

2004-2009 жылдар аралығында ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен «Балалар әлемді бейнелейді» атты көрмелердің Қазақстан бойынша Ә.Қастеев мектебінде өтетін бөліміне қатысып, оқушылары диплом, сертификат, мақтау қағаздарымен марапатталды. 2004-2009 жылдар аралығында ҚПКБА-да әр тақырыпта өткен көрмелерде шәкірттері диплом, мақтау қағаздарын иеленді. 2006 жылы Лидиция қаласында өткен ХХХІІІ халықаралық көрмеде бір топ оқушылары «Алғыс хатпен» марапатталды. 2006 жылы «Еліміздің асқақ символдары» деген Қазақстан бойынша өткен балалар суретінің фестивалінде «Алғыс хатпен» марапатталды. 2006 жылы Венгрия қаласындаХалықаралықкөрмегеқатысып, 8 оқушы диплом алды. 2006 Францияда өткен «Планета мира» атты халықаралық көрмеге 2,4,5,6 сынып оқушылары қатысып, дипломмен марапатталды. 2007,2008 жылдары Өмірбекова Іңкәрдің жұмысы қалада өткен «Менің сүйікті мамандығым» атты көрмеде үздік деп танылды. 2008 жылы Үндістанда өткен Халықаралық көрмеге 15 оқушының жұмыстары қабылданды. 2008 жылы ЮНЕСКО жобасындағы Республикалық «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» балалар шығармашылық байқауының жеңімпазы болғаны үшін 3 оқушы арнайы Дипломмен марапатталды. Олар: 1.Абдысагин Рахат-би, 2. Бекенова Балжан, 3. Заманбек Ерғалым. 2009 жылы Қызыл Ай Қоғамы ұйымдастырған «Өрттен сақтан» және «Жер сілкінісінен сақтан» атты қалалық көрмеге қатысқан Әлібекова Іңкәрдің салған суреттері өте жақсы бағаланып, 1-ші орын алып, арнайы дипломмен марапатталды. 2009 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жер Ана мен адамдар кеше, бүгін және ертең» атты Халықаралық көрмеге 10 оқушының жұмысы іріктелініп жіберілді. 2009 жылы Британия компаниясы ұйымдастыруымен болған сайысқа Құрманбаев Санжар қатысып, дипломмен марапатталды. 2010 жылы Оқушылардың шығармашылық үйінде өткен «Менің сүйікті өлкем және Қыс құпиясы» атты көрмеге қатысып, оқушылары дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ Айымгүл Нұртайқызы оқушылардың көркем-эстетикалық сезімдерін ояту мақсатында мектепішілік көрмелерді де үздіксіз ұйымдастырып отырады. 2010 жылы қаңтар айында «Өнер-адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» тақырыбында өз шәкірттері шығамаларынан үлкен көрме ұйымдастырды. 2010 жылы 6-сынып оқушылары арасында «Көре біл және сала біл» атты аса қызықты КВН өткізді.

Жаұзақованың тәжірибесі педагогикалық баспасөз беттерінде жаряланған. 2009 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік «Бейнелеу өнері және сызу» журналында ашық сабақ жоспарлары жарық көрді.

Айымгүл Нұртайқызының марапаттары:

1.2004-2009 жылы аралығында Ә.Қастеев мектебінде ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Балалар әлемді бейнелейді» атты Қазақстан бойынша өтетін көрмелерде сертификатпен марапатталды.

2.2006 жылы Лидиция қаласында өткен ХХХІІІ халықаралық көрмеде «Алғыс хатпен» марапатталды.

3.2006 жылы «Еліміздің асқақ символдары» деген Қазақстан бойынша өткен фестивалінде «Алғыс хат» берілді.

4.2004-2011 жылы Оқушылар шығармашылық үйі диплом, сертификат тапсырды.

5.Қалалық білім жетілдіру институтынан диплом, мақтау қағазын алды.

6.2009-2010 жылдары аудан әкімінің «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімнің еңбегі үшін» дипломын иеленді.

7. 2011 жылы VII Астана-Алматы қысқы Азиада қарсаңында қалалық көркем сурет көрмесіне шәкірттерінің жұмыстарын дайындағаны үшін «Алғыс хат» алды.

8. Оқушылар сарайында өткен «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған» көрмеге қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

9. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына ора ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: