Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы

 

Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы

Асанова Ақмарал Нұрғалиқызы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының хореография және музыка факультетін 1996 жылы бітірген. Ол – би өнерінің тамаша маманы. 2002 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда би үйірмесінің жетекшісі ретінде жұмыс жасап келеді. Кәсіби жоғары білікті ұстаз өз шәкірттерінің биге деген құштарлығын арттырып, олардың бойында эстетикалық талғамның және ырғақты сезіну құдіретінің қалыптасуында көп еңбектеніп келеді. Ұстаз үнемі жаңашылдық ізденістер жасайды. Мысалы, 2011 жылы жаңа үлгіде «Қара жорға» халық биін бүкіл мектепке меңгертіп, оның ішінде 60 қыз балалар, 60 ер балалардан тұратын бишілер тобы мектептің салтанатты қоңырау күнінде сахналық қойылым етіп табысты шығарды. Осы жылдар ішінде ұстаз шәкірттері «Әнші болғым келеді», «Әнші балапан», «Айгөлек», балалар телевизиялық хабарларына шығып, өнердегі өз деңгейлерін көрсете білді. Көптеген оқушылары халықаралық байқауларда, «Ақ көгершін», «Ғұмырдария», «Ғасырлар пернесі», «Жас талант» фестивальдарында жүлделі орындарға, диплом, мақтау қағаздарына ие болып жүр.

Аудандық «Медеу-2004» 6-шы балалар эстрадалық шығармашылығының фестивалінде «Балауса» бишілер тобына диплом берілді. «Медеу-2005» 7-ші, «Медеу-2007» 9-шы және «Медеу-2008» 10-шы балалар эстрадалық шығармашылығының фестиваліне қатысқаны үшін «Балдырған» би тобы, сондай-ақ шәкірттері Қалиева Жұлдыз, Дәркенбаева Дана, Қайыпжан Аслан дипломмен марапатталды. 2006 жылы Алматы қаласында өткен «Алтын дән-2006» байқау-фестивалінде «Балдырған» би тобы ІІ орын иеленді. 2007 жылы Алматыдағы классикалық би орталығындағы сайыста Нұрсейіт Ақмарал «Мисс Араманди» атанды. ҚР Білім министрлігінің қолдауымен 2011 жылы Астанада өткен 5-ші Халықаралық «Ақ көгершін» байқауында шәкірттері Серік Адина, Ғабдрахимова Балжан, Сақанова Ақбота, Сақатова Айғаным, Жақашбаева Ақдана т.б оқушылар дипломдармен марапатталды. Дәл осындай дипломды «Балауса» бишілер тобы да алды. 2003 жылы Республикалық «Әнші болғым келеді» байқауында «Балдырған» би тобы дипломант атағына ие болды. 2004 жылы «Әнші балапан» Республикалық байқауында «Балдырған» би ансамблі дипломант атанды. 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойына арналған 2008 жылы өткен «Бақытты балалық» ІІІ телевизиялық ән –би фестиваліне қатысқаны үшін «Балдырған» би тобына грамота тапсырылды. 2009 жылы Медеу аудандық байқауда «Би» номинациясы бойынша «Балдырған» би тобы ІІ орынмен марапатталды. 2009 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастыруымен өткен «Жас талант» Республикалық фестивалінде «Балдырған» би тобы ІІ орынға шықты. 2009 жылы Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден өткен байқауда «Би» номинациясының ІІІ-орынын «Балдырған» би тобы иеленді. 2008 жылы академик Ахмет Жұбановты еске түсіру және ұлы өнерпаздың мұраларын насихаттау мақсатындағы Қалалық жас орындаушылардың «Ғасырлар пернесі» фестивалінде «Балауса» би тобы лауреат атанды. 2011 жылы Білім беру Министрлігінің қолдауымен өткен Халықаралық 5-ші «Ақ көгершін» байқауында «Балауса» тобы дипломмен марапатталды.2011 жылы Алматы қаласы Оқушылар сарайының қолдауымен өткен «Жарқын жол» 3-ші балалар телевизиялық фестиваль-байқауында І орын алғаны үшін «Балауса» бишілер тобы грамотамен марапатталды.

2011 жылы Халықаралық Лондонда өткен «Талант шоу» байқауында Ғабдрахимова Балжан шығыс биімен бас жүлдеге ие болды.

Асанова Ақмарал өзінің жеке өнерінің және ұйымдастырушылық-ұстаздық қажырлы еңбегінің арқасында төмендегідей марапаттардың иегері болған: 2005 жылы Республикалық телевизиялық байқауда балалар әндерін насихаттауда қосқан үлесі үшін мақтау қағазын алды. «Медеу-2005», «Медеу-2007» балалар эстрадалық шығармашылығының 7-ші және 9-шы фестивалінде шәкірт дайындағаны үшін дипломмен, құрмет грамотасымен марапатталды. 2006 жылы Алматы қаласы Білім Департаментінің жанындағы ББЖМБКЖҚД инстиутының атынан «Жас ұрпақты музыка-эстетика тәрбиесіне баулуда ерен жетістіктері және шығармашылық табыстары үшін» дипломымен марапатталады. Алматы қаласының білім департаментінің ұйымдастыруымен өткен әнші-бишілердің қалалық байқауында жас ұрпақты өнерге баулығаны үшін Асанова Ақмаралға алғыс білдірді. 2009 жылы Медеу аудандық мұғалімдер арасында өткен көркемөнерпаздар байқауында Асанова Ақмарал лауреат атағына ие болды. 2009 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Жас талант» Республикалық фестивальде Асанова Ақмарал лауреат атағына ие болды. «Алматы-махаббатым менің» атты байқауда белсенді қатынасқаны үшін Асанова Ақмаралға алғыс хат тапсырылды. 2010, 2011 жылдары жылы ІІД Алматы қалалық департаменті оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін Асанова Ақмаралды алғыс хатпен марапаттады. 2010 жылы Қалалық мұғалімдерді қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен қазақ билерін насихаттау байқауында шәкірттері І орын алғаны үшін Асанова Ақмаралға Құрмет грамотасы берілді. 2009 жылы Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден өткен байқауда жас ұрпақты өнерге баулығаны үшін алғыс хат алды. 2011 жылы Алматы қаласы Оқушылар сарайының қолдауымен өткен «Жарқын жол» 3-ші балалар телевизиялық фестиваль-байқауында кәсіби деңгейде лауреаттар дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. 2011 жылы ҚР Білім беру министрлігінің қолдауымен өткен Халықаралық 5-ші «Ақ көгершін» байқауында Асанова Ақмарал «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.

Ақмарал Нұрғалиқызы салауатты өмір салтын насихаттауға белсені қатысады. 2011 жылы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Біз Азиаданы бірге қарсы аламыз» атты отбасылық спорттық ойын-сауықта Асанова Ақмаралға салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқаны үшін бас жүлде берілді.

Ақмарал Нұрғалиқызы ұстаздық кәсіби шеберлігін аттырып отырады. Ол Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында 2005, 2007, 2008, 2011 жылдары сертификат, куәліктер алған.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: