Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы

 

Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы


Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы 1991 жылдан бері №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде көптеген оқушылары «Кенгуру» халықаралық олимпиадасында және «Ақбота», «Алтын руно» т.б. білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып келеді. Ұстаз шәкірттерінің ішінде «Кенгуру» ойынының жеңімпазы – 10 оқушы, «Алтын Руно» және «Ақбота» сайыстарының жеңімпаздары – 12 оқушы. Бірнеше шәкірттері мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грантына ие болған. Сол сияқты арнайы жоғарғы оқу орындарының грантын алдын ала ие болғандар да бар. Атап айтсақ: «Алтын белгі» иегерлері Әбілхайырова Шолпан – 2007ж., Қалмұрзаева Айгүл – 2007ж., Қосанова Индира – 2007ж. Ал Егізбаев Қайсар 2007жылы арнайы грант жеңіп алды.


Алдыоңғарова Сайрагүл балаларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу жолында көп ізденеді. Шәкірттерінің сахнада өздерін ұстай білулері, өлеңдерді мәнерлеп оқулары, рөлдерде шебер ойнай білулері – Алдыоңғарова Сайрагүлдің балалардың мінез-құлықтарын, ерекшеліктерін жете біліп, зерттеп, әр баланың бойыңдағы ерекше қабілеттерін ескере отырып, олармен тіл табысып, жұмыс істей алатындығының жемісі. Ұстаздың оқушылары біліммен қатар өнер, спорт салаларында да ерекше дарындылықтарымен көзге түсіп, жеңімпаз атанып жүр.

2007 жылы сынып оқушылары «Ертегіні өзіміз жасаймыз» шығармашылық байқауына және дәстүрлі «Медеу – 2007» IX балалар эстрадалық фестиваліне қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Академик А. Жұбановтың құрметіне арналған қалалық жас орындаушылардың «Ғасырлар пернесі» фестивалінің «Мақтау қағазымен» марапатталды (2007 жыл). «Ақ көгершін» ІІІ халықаралық конкустың дипломымен Тоғысбек Мағжан марапатталды (2009 жыл). «Әнші болғым келеді» телевизиялық музыкалық балалар хабарына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін Пернетай Алмат дипломмен марапатталды(2010 жыл).

Алдыоңғарова Сайрагүл Раметқызы «Алматыкітап» ЖШС-нда 2009-2010 оқу жылында эксперттік топ мүшесі болды. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған әдебиеттік оқу, еңбекке баулу, математика, бейнелеу өнері және дүниетану оқулықтары мен оқу құралдарына сараптама жүргізді. 2010 жылы «Алматыкітап» ЖШС-нан басылып шыққан 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған математика пәнінің (авторлары Ақпаева Ә, Лебедева Л, Буровова В) оқу әдістемелік кешеніне пікір жазды.

Аудан, қала, республика көлемінде берген пәндік үлгі сабақтары жоғары бағаланып отырды, түрлі тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Атап айтсақ, 2007 жылы 31-телеарнада «Елорда-Астанам» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік түндігі - Астана», 2009 жылы «Қазақстан» телеарнасының «Білім арнасы» бағдарламасында «Әліппе – білім бастауы» деген тақырыптарда республика көлемінде ашық тәрбие сағаттарының үлгілері көрсетілді. Ол сабақтар тәрбиелік мәнінің жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сайрагүл Раметқызы 2007 жылы қалалық семинарда шығармашылық есеп берді.

Ұстаздың тәрбие сағаттарының үлгі жоспарлары республикалық баспасөз беттерінде жарияланып, тәжірибесі таратылып отырады:

«Қош бол, бастауыш мектебім!» -«Жыл-он екі ай», 2005 жыл;

«Жолда жүру ережесі»- «Жыл- он екі ай», №2, 2005 жыл;

«Менің анам» - «Бастауыш мектеп», №3ү 2005 жыл;

«Ұйымшыл сынып «Ұланды» таңдады» - «Ұлан» газеті, 2006 жыл;

«Тәуелсіздік түндігі – Астана» - «Жыл-он екі ай», №6, 2009 жыл.

Алтыноңғарова Сайрагүл Раметқызы білім саласында атқарып жүрген еңбегі бағаланып, 2008 жылы Алматы қаласы Білім Департаментінің «Құрмет грамотасымен», 2001 жылы Медеу аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», 2009 жылы аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды. Ол шәкірттерінің сүйікті, үлгілі ұстазы, ата-аналар мен әріптестерінің арасында сыйлы, беделді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: