Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2014

Халелова Гүлжан Ғабдышүкірқызы

 

Халелова Гүлжан Ғабдышүкірқызы

Гүлжан Ғабдышүкірқызы 2001 жылдан бері №159 гимназияда бастауыш сыныптарының мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде жақсы қырынан көрініп, өзін шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз ретінде көрсете білді. Ол – оқушыға терең білім мен тәрбие бере отырып, жеке тұлға қалыптастыруды өзінің ұстаздық мұраты деп біледі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық ашу және сабақ барысында алған білімдерін практикада пайдалану дағдыларын қалыптастыру үшін жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі ерекше екенін үнемі есте ұстайды.

Соның айғағы «Қош бол, сүйікті әліппем!», «Өскенімді ел көрсін...» «Қазақстан болашағы – білімді ұрпағы...», «Алтын күз», «Қыз сыны», «Тілім – менің айбыным» т.б. мерекелік шаралары жоғары дәрежеде өтті, олардың сценарийлерін өзі жазады. Оқу-тәрбие саласында жас жеткіншектерді әдептілікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баулу ісіне жауапкершілікпен қарайды. Еңбегінің жемісінің іргелілігі шәкіртерінің мектепті қалай бітіргенінен де көрінбек. Бұл орайда Гүлжан Ғабдышүкірқызының мақтан тұтар оқушылары жоқ емес, Мысалы, Бейсенов Жәнібек – 1999 жыл, Бәкібаева Райгүл – 2005 жыл, Бәкібаева Рахима – 2005 жыл– сияқты оқушылары Алтын белгі алған Ұстаз өзінің жинақтаған тәжірибесімен баспасөз беттерінде, қалалық, аудандық семинарларда бөлісіп отырды. Алматы қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында «Бастауыш сыныпқа арналған дидактикалық әдістемелік материалдарды картотекалық жүйелеудің тиімділігі» деген тақырыпта семинар өткізіп, ана тілі сабағынан М.Әуезовтің «Боран» әңгімесі бойынша ашық сабақ көрсетіп, бұл тәжірибесі «Мұғалім – шығармашылығы» деген атпен сабақ жиынтығынан тұратын кітапшасы арқылы таратылды.

«Төл оқулықтарымыз – бастауыш сыныптарда» атты облыстық семинарда оқулық авторлары алдында жаңа буын оқулықтарының дидактикалық талаптарға сәйкестігі туралы өз ойын ортаға сала білді.

Аудандық семинарда дүниетану пәнінен «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, «Дүниетану пәнін оқытуда адамгершілік тәрбиесін арттыру» тақырыбында аудан ұстаздарымен ой бөлісті. Мектеп ұстаздары алдында педагогикалық кеңесте «Білім сапасын арттырудағы тәрбиенің рөлі» атты баяндама жасады.

Республикалық басылымдарда жарық көрген сабақтары:

1.Бастауыш мектеп журналы – 1993 жыл.

2.Бастауыш мектеп журналы – 1996 жыл.

3.Бастауыш мектеп журналы – 2004 жыл, №5.

4.Бастауыш мектеп журналы – 2008 жыл, №7-8.

Оның көптеген оқушылары халықаралық «Кенгуру» ойын-сайысында, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында, «Золотое руно» т.б. жарыстарда (2004, 2005, 2007, 2008 ж.ж.) жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Мектепішілік өткен 2-сыныптар арасындағы қазақ тілінен өткен жарыста Гүлжан Ғабдышүкірқызының оқушылары жүлделі бірінші орынды иеленді. «Лаула, лаула, Азиада алауы!» атты мәнерлеп оқу сайысында Тұрарханов Алмаз І-орынды иеленді. «Армысың, әз Наурыз!» атты сурет көрмесінде Құрманбаев Дәулен жүлделі 2-орынды жеңіп алды.

Сынып оқушылары тек білім алумен ғана шектеліп қоймай, түрлі спорттық үйірмелер мен секцияларға қатысып, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Урумханова Аида гимнастикадан бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды. Тұрарханов Алмаз каратэ-до спорт түрінен жүлдегер болса, Исламов Нұраман да шебер күресіп, алдына жан салмайды.

Республикалық «Әнші болғым келеді» конкурсында сынып оқушылары Камал Нұрай, Айжарыққызы Айзат, Асылбекова Мөлдір, Манкеева Ғазиза, Тутубаева Жұлдыз, Тәуірханова Әдемі жүлделі орындарға ие болды.

«Кенгуру» халықаралық математикалық ойын сайысының жеңімпаздары:

1.Күнгіров Бақыт – 2004 жыл.

2.Сейдімбекова Айназым – 2004 жыл.

3.Құдышев Еркежан – 2004 жыл.

4.Мұхади Бақытжан – 2004 жыл.

5.Мәдиева Әдемі – 2005 жыл.

6.Мырзалы Алмас – 2005 жыл.

7.Қалтай Дінмұхамед – 2007 жыл.

8.Ыдырыс Аблай – 2007 жыл.

9.Қалиева Адия – 2007 жыл.

10.Нәдірбек Берік – 2008 жыл.

11.Қалиолла Әлібек – 2008 жыл.

12.Жұмалы Әли – 2008 жыл.

«Ақ бота» интеллектуалдық марафонының жеңімпаздары:

1.Бейсенов Ұлықпан-Қуат – 2004 жыл.

2.Набиева Кенжегүл – 2004 жыл.

3.Есенжанов Хакім – 2005 жыл.

4.Күнгіров Бақыт – 2005 жыл.

5.Мұхади Бақытжан – 2005 жыл.

Гүлжан Ғабдышүкірқызының сыныбындағы оқушылардың барлығы да жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, би, домбыра үйірмелеріне түгел қатысып, өнерлерін шыңдайды. Балалар баспасөзіне де сынып оқушылары түгел жазылады («Балдырған», «Айгөлек»).

Ұстаз мектепішілік қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.

Халелова – шәкірттеріне сүйікті ұстаз, ата-ана мен ұстаздар арасында беделді жан.

Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Гүлжан Ғабдышүкірқызы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасы білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Алматы облысы, қаласы білім департаментінің, Медеу аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: