«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
ХАБАРЛАНДЫРУ!Құрметті ата-аналар!
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2019 жылдың 5 шілде - 30 қыркүйек аралығында өтетінін хабарлаймыз!
Акцияның мақсаты: Азқамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, бала кезден мүгедек және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін «Жүректен жүрекке» ұранмен көмек көрсету, қол ұшын созу.
Мектеп жасындағы балаларды жаңа оқу жылына дайындықпен толық қамтуды қамтамасыз етуге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мен жетім балалар, бала кезден мүгедек, азқамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан білім алушыларға материалдық көмек, мектепке қажетті заттармен көмектесемін деген демеушілер (спонсорлар), мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Менлибаева Жанагуль Жанабаевна мен әлеуметтік педагогы Тургелдина Ляззат Тургелдиевнаға келулеріңізге болады.
1 – 11 сынып жетекшілер, ата – аналар бірлесе отырып, «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына жаппай атсалысуларыңызды сұраймыз.
Мекен-жай: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 86 үй.
Байланыс телефоны: 8727-291-40-66
Республикалық «Мектепке жол» акциясына атсалысайық!