Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2019

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ

«Адал ұрпақ»

бағдарламасы бойынша істелінген жұмыс есебі  (қыркүйек-қараша, 2018)

Р/с

Мектебі

Өткізілген    іс-шара атауы Іс-шара жайында қысқаша мәлімет
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру

    Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізе ала отырып, «№159 гимназияның акт залында «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры Бидайбекова Э.И. сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді. 

    Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.

 

Гимназия директоры және тәрбие  ісі- жөніндегі орынбасарлары мен аға тәлімгер, оқушылар мен ата-аналар  арасында 5 – 11 сынып аралығына  жиналыс

 Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 34 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа 9  сынып оқушысы Күдебаев Асланбек клуб басшысы болып тағайындалды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Меңлібаева Ж.Ж. . оқушыларды отансүйгіштікке,азаматтылыққа, дамның құқықтарына,бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ»  ерікті мектеп  клубының жұмыс жоспарына сәйкесқавраша айының 10-ы жұлдызында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-11 сыныптан 30 ата-ана қатысты.Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі»-деп ата-аналар комитетінің төрайымы атап өтті. Аталмыш тақырып бойынша  бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшісі Меңлібаева Ж баяндама оқыды.Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп,өз балаларын адал етіп,өз елін,жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

22 октябрь 2015 Мектеп