Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2022

«Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі

🔰 Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырда ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алады.

🔰Фестивальдің мақсаты - балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.

📎Жалпы қамту: 300 мыңнан астам бала.
Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылады, оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да қатысады:
1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография)
2. «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)
3. «Бояулар құпиясы» (бейнелеу өнері)
4. «Хакатон - IT Universe» (IT, дрондар және робототехника)
5. «Өнерлі бала» (сәндік-қолданбалы өнер)
6. «Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу)
7. «Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта)
«Сенім», «Аяла», «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі, «Кеңес» оңалту орталығындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар үшін 5 бағыт бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады: «Аспаз» (аспаздық өнер), «Спорттық дода» (спорттық жарыстар), «Түстер әлемі» (бейнелеу өнері), «Шебер балақай» (сәндік-қолданбалы өнер), «Әсем табиғат» (мәдени шаралар). Қамту: 600 бала.
Қалалық конкурстар 3 кезеңде өтеді: Мектеп кезеңі - 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең - 16 мамырдан 24 мамырға дейін; қалалық кезең - 26 мамырдан 28 мамырға дейін.
🔰1 маусымнан бастап қаланың барлық аудандарындағы 11 алаңда мультфильм кейіпкерлері, комикстер мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарлама өтеді. Алаңдарда танымдық ойындар, көрнекі спорттық іс-шаралар, шеберлік сыныптар, көрмелер және басқа да көптеген ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Мерекелік концерттік бағдарламаға дарынды балалар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Алғаш рет балалар мерекесі үшін арнайы жазылған фестиваль әнұраны шырқалады.
🔰«Алматы БАЛАFEST» балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бойынша жазғы маусымның өзіндік бастамасы болады.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: