Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Шабанбаева Айгүлім Дәулетқанқызы

 

Шабанбаева Айгүлім Дәулетқанқызы

Шабанбаева Айгүлім Даулетқанқызы – бастауыш сынып мұғалімі ретінде үлкен шығармашылықпен жұмыс істеп келеді. Өз ісінің шебері екендігін 35 жылдық еңбек жолында көрсете білді. Айгүлім Дәулетқанқызы өз пәнін жете меңгерген, сабақтарда оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін қолданады. Оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалар орындатуды дағдыға айналдырған. Дәстүрлі сабақтар мен дәстүрлі емес сабақтарды үйлестіруді кеңінен қолданады. Оның жарыс, ойын, саяхат, концерт сабақтары қызықты өтеді. Ұстаз өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізеді,. Оның сондай бір сабағы «Бастауыш мектеп» журналының 2009 жылғы №11 санында жарық көрген.

Айгүлім Дәулетқанқызының оқушылары сапалы білімімен көптеген жетістікке қол жеткізді. Мысалы: 2005–2011 жылдарда 18 бала «Ақбота» интеллектуалдық марафонда 1,2,3-орындарды иеленді; «Ақкөгершін» халықаралық байқауында 1 оқушысы 2-орынды иеленді. «Кенгуру» интеллектуалдық марафонға 18 оқушы қатысып, 12 оқушы бірінші орынға шыққан, ал қалған оқушылар үшінші орынды иеленді. Мектепішілік әралуан жарыстарда, «Әдептілік–әдемілік», «Қазақстан–ғарыштық ел», «Наурыз–думан» конкурстарында 15 бала жүлделі орындарда көрінді. Мектептегі күй сайысында 2 оқушы үшінші орынды жеңіп алды, Бастауыш сынып онкүндіктерінде де ұстаздың оқушылары белсенді қатысқаны үшін «Тағылымы мол тәрбие сағаты», «Математикадан үздік көрсеткіштер» дипломдарымен оқушылар да ұстаз да марапатталған. Халықаралық жарыста гимнастикадан бір оқушысы 1 ші орынды жеңіп алды.

«Қылқалам шеберлері» көрмесінде бір оқушысының салған суреті шетелдердегі көрмелерге жолдама алды. Бірнеше оқушылардың шығарған өлеңдері мен жазған әңгімелері «Ұлан», «Жас өркен», «Балдырған» газет, журналдарында жарық көрді. Сыныптағы оқушылардың барлығы да би, домбыра, спорт бойынша әртүрлі үйірмелер мен жарыстарға үнемі қатысады. Оқушылар «Балдырған», «Ұлан», «Айгөлек», «Ерке» газет журналдарына толық жазылып отырады. Баларды тәрбиелікке, қабілеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары сыныпта өте жақсы жүргізіліп отырады.

Айгүлім Дәулетқанқызының қолынан шыққан оқушылардан мектепті 5 шәкірті «Алтын белгіге», 9 шәкірті «Ерекше аттестатқа» аяқтаған. Ұстаздың оқушыларының қол жеткізген білім сапасы – 90-100 пайыз сапа.

Айгүлім Дәулетқанқызы мектептегі және қалалық іс-шаралдарға белсене қатысады. Ол оқушылардың ата-аналаарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. 2011 жылғы «Алтын күз» мерекесінде ата–аналары белсенді қатысты. Мектепте ұйымдастырылған «Әкем анам және мен» атты отбасылқ спорттық– сауықтырушылық жарысында оның ата–аналарының өкілдері 2-ші орынды жеңіп алды.

Шабанбаева Айгүлім Дәулетқанқызы кәсіби мәдениетін көтеруде тиісті әртүрлі курстардан өтіп, біліктілігін арттырып отырады. Ол әріптестерінің, оқушылардың және ата-аналардың ілтипатына бөленген ұстаз.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Ұстаздың «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткен табысты еңбегі үшін» аудандық грамотасы және гимназияның грамоталары мен Алғыс хаттары бар.