Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 "А" сыныбының оқушылары күзгі демалыс күндерінің бірін Пейнтбол ойынын ойнауға арнады.
30
октябрь
2019

11 "А" сыныбының оқушылары күзгі демалыс күндерінің бірін Пейнтбол ойынын ойнауға арнады.

Ы. Алтынсарин атындағы #159 гимназиягың 11 "А" сыныбының оқушылары мен ата-аналары сынып жетекішісі Хамиева Тамара Хабиболлақызының ұйымдастыруымен күзгі демалыс күндерінің бірін Пейнтбол ойынын ойнауға арнады.
Ойын өте қызықты болды. Өйткені корпоративті рух пен ұйымшылдықты көтеруге арналған ойын алаңында жүрген балалар өздерін Голливуд фильмдерінің кейіпкерлеріндей нағыз әскери алаңда жүргендей сезінді. Күнделікті өмірде құлақтарына құлаққап киіп алып, пернетақтаны ұрғылап, виртуальді кейіпкермен жүйкесін тоздырып ұрсысып отыратын, яғни, компьютерлік ойындар мен телефоннан шаршаған біздің балалар үшін бір күнгі ойынның өзі - еңбек, көңіл-күй көтеру, сенім мен төзімділікті шыңдауды қажет еткен тимбилдинг, яғни, керемет командалық ойын болды. Жігерл  і де ұйымшыл 11 "А" сыныбының оқушылары бұл күнді мәнді де мағыналы өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: