Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2018

Тіл-тірегім соғып тұрған жүрегім

"Тіл-тірегім соғып тұрған жүрегім" атты 9 "В" сынып оқушылары арасында сенбінің сейіл күнінде мағынасы терең, өзекті мәселе туралы дебат өткізілді.Дебат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:Избаева Мадина мен Анапияева Салтанат апайдың ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.Дебаттың негізгі мақсаты:
1. Қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы көрінісі туралы оқушылар көзқарасын білу; 
2. Қазақ тілін өз деңгейіне көтеру мәселесінде қандай жұмыстар жүргізу қажет; 
3. Оқушыларды қазақ әдеби кітаптарын оқыту үшін қандай жұмыстар жүргізілуі қажет.Оқушылар тарапынан ұсыныстар. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін өскелең ұрпақтың санасына құю.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: