Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Әмірбекова Санабархан Әшірқызы

 

Әмірбекова Санабархан Әшірқызы



Әмірбекова Санабархан Әшірханқызы 1997 жылдан бастап осы гимназияда денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Ол оқушылардың денсаулығын нығайтуда, шымыр етіп шынықтыруда талмай еңбектенеді. Сабақтарда денешынықтыру пәніне қойылатын талаптарды толық сақтайды. Әрбір оқушыны өз дене саулығы мен қуат-күші үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыруға саналы түрде бағыттап отырады. Ұстаз сабақтарының пәндік мәдениеті жоғары, оқушылардың түрлі жаттығулар мен спорттық ойындарға қызығушылықтарын, белсенді қатысуын, саналы тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Оқушыларды педагогика-психологиялық зерттеу мақсатында ұстаз тарапынан тоқсан сайын тест алынып, олардың нәтижесі бойынша түрлі қызықты жұмыстар ұйымдастырылады. Сабақтың және сабақтан тыс жұмыстардың нәтижелері оқушыларының әртүрлі деңгейлердегі жарыстарға, сайыстарға белсенді де табысты қатысуларынан көрінеді.

Ұстаздың оқушылары жыл сайын аудандық, қалалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болуда. 2004 жылы Президенттік тестіде «100 метрлік қашықтыққа жүгіруден» оқушысы Қаймолдаев Есбол І орынға ие болды.

Әмірбекова С.Ә. баулыған шәкірттердің арасында халықаралық және Республика көлеміндегі жарыстарда күрес, шахмат, гимнастика, каратэ, таэквандо, конькиден т.б. спорт түрлерінен жүлдегерлер бар. Атап айтқанда, Рысбаева Әйгерім шахматтан Азия құрылығы жарысында 2009 жылы 1-орынға, Бержанов Алдияр каратэден азиялық чемпионатта 2009 жылы қола медальға ие болды. Халықаралық жарыста Рыспаева Қорлан шахматтан бірнеше рет жүлдегер атанды. 2009 жылы Ташкентте Әбдиев Өркен күрестен 3 –орын, Құмарбеков Әмір таэквандодан 1-орын алды. Айдарханова Жания республикада спорттық ату жарысында 1-орын, 2009 жылы Азия чемпионатында 2-орын (Алматы), Әлем кубогында 5- орын (Кувейт қаласында) иеленді. 11 «б» сынып оқушысы Тәжібаев Олжас таэквандодан қалалық жарыста І орын алып, ФРГ-де Бонн қаласында өткен әлемдік таэквандо жарысында жүлделі ІІІ орынды, Тұрысбеков Нұрлыбек Стамбул қаласында өткен жарыста І орынды иеленді. М.Жанпейісов спорттық атудан І орынды иеленді, 9 «ә» сынып оқушысы Спанов Олжас «Цесна» командасының құрамында халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып жүр.

Білікті ұстаздың төккен терінің арқасында оқушылардың жыл сайынғы табыстарын айтпаған күннің өзінде, бір ғана 2010-2011 оқу жылында әртүрлі 37 қалалық, аудандық жарыстарда №159 гимназияның оқушы командалары жүлдегер атанды. Оның ішінде бассейнде жүзу, түрлі ұлттық ойындар, шахмат, футбол, қол добы, баскетбол, жеңіл атлетика, кросс, Медеу шатқалындағы баспалдаққа өрмелеу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, спорттық гимнастика т.б. спорт түрлері бар. С.Ә. Әмірбекованың оқушыларының спорттық табыстары және бұқаралық денешынықтыру сауықтыру іс-шаралары гимназиядағы денешынықтыру мен спорт бойынша жұмыстың биік талаптық деңгейге қойылғанын көрсете алады.

Әмірбекова Санабархан үздік педпгогикалық еңбегі үшін, мектеп оқушыларын түрлі аудандық, қалалық жарыстарға дайындағаны үшін көптеген мадақтарға ие болып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімшіліктерінің Мақтау грамоталарымен марапатталды.

Әмірбекова С.Ә. ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, әріптестерінің арасында беделді ұстаз.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: