Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Даирбекова Раушан Абдахметқызы

 

Даирбекова Раушан Абдахметқызы

Даирбекова Раушан Абдахметқызы осы мектепте 2000 жылдан бастап ағылшын пәнінен мұғалім болып жұмыс істейді. Ол өзін білімді, жаңашыл, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтын мұғалім ретінде көрсетті.

Тәжірибелі мұғалім өз сабағында Англиядан алынған оқу-әдістемелік құралдарды қосымша қолданады. Сабақта компьютер, интерактивтік тақта, мультимедия кабинетінің толық мүмкіндіктерін іске асырады. Merits бағдарламасы, электрондық технология, модульдік оқыту ұстаз тәжірибесінен кең орын алған.

Республикалық әдістемелік педагогикалық журнал-«Мектептегі шет тілі» және «Жас өркен» газетінде мақалалары мен сабақ жоспарлары жарық көреді. Жас ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында Алматы қаласы департаменті жанындағы қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында өз білімін көтерді. Ағылшын тілінде Алматы қаласында өткен халықаралық семинарларға қатысып диплом, сертификаттарға ие болды.


Даирбекова Раушан Абдрахметқызы қалалық, аудандық оқу бөлімінің жас ұрпақты тәрбиелегені үшін және өз сабақтарында қазіргі заманауи технологияларды пайдаланып, «Шығармашылықпен жұмыс жасағаны үшін» деген мақтау қағаздарына және мақтауларға ие. «Ағылшын тілінің маманы ретінде қалалық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін» деген марапаттау грамоталары бар. 2009 жылы ҰБТ қортындысы бойынша ағылшын тілінен 11-сынып оқушыларының білім сапа көрсеткіші 100% болды. «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Кенгуру», «Ақ бота», «British Bulldog» атты жарыстарға оқушылыры қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Сынып жетекшісі ретінде үлкен тәрбие жұмысын атқарады. 2008-2009 оқу жылдарында екі оқушысы Батырбекова Айгерім, Рысбаева Айгерім «Алтын белгіге» бітірді, түлектері 100% жоғарғы оқу орнына түсті, оның ішінде жеті түлек мемлекеттік грантты жеңіп алды. Алтын белгі иегері Рысбаева Әйгерім «Болашақ» бағдарламасының грантын жеңіп, Лондон қаласында білімін жалғастыруда. Әйгерім мектеп қабырғасында жүргенде, шахматтан Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, олимпиада және дүние жүзілік жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы болды. Ол жарыстар Францияда, Италияда, Сингапурда, Қытайда, Кореяда, Испанияда өтті. Осы мемлекеттерде Әйгерім Қазақстан намысын қорғап, Қазақстан туын желбіретті.

Бұл оқушылардың жоғарғы жетістіктері мектеп қабырғасында жүйелі, және терең білім алғанын, олардың бітірген білім ордасының мұғалімдері сапалы екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде сынып жетекшісі болып келе жатқан 6 «а» сыныбы балаларының да көрсеткіштері жаман емес. Сынып оқушыларының он шақтысы оқу озаты, шығармашылық т.б. жұмыстарға белсене араласады. Олар «Кенгуру», «Ақ бота», «British Bulldog», «Золотое Руно» атты білім сайыстарының жеңімпаздары. Шәкірттері мектепте, ауданда өтілетін барлық іс шараларға белсене араласады. Би билеу, өлең айту, сценалық көріністер көрсетуден алдарына жан салмайды. Спорт десе ішкен асын жерге қояды. Мұхаметжан Ерсінбек каратэдан қалалық жарыстың жеңімпазы, Сайфулин Нұрсат Грек-Рим күресінен қалалық жарыста өз салмағында екінші орын жеңіп алды. Музыка өнерінен де жетістіктер аз емес: Дүйсебаев Ильяс- Испанияда өткен халық аралық ән-би фестивальға қатысып, екінші орынды иеленді. Ануарбеков Шыңғыс Болгария мемлекетінде өткен халықаралық өнер байқауында домбыра тартудан жүлделі бірінші орынды иеленді. Көпбаева Бақыт – қалалық музыкалық конкурсқа қатысып, күрделі шығарма ойнағаны үшін диплом алып, лауреат атанды. Төлебай Аружан – қалалық «Қазақстан – достық мекені» атты музыка және көркем өнер сайысының жеңімпазы. Қуатпай Ханзада аудандық «Азияда 2011» оқушылар сайысының I орын жүлдегері. Ал білімге құштар, өте белсенді оқушысы Кенжебеков Рүстем «Қазақстанның болашағы» деген кітапқа енгізіліп, үздік оқушы ретінде аты шықты. 6 «а» сынып оқушылары Медеу ауданында өткен «Біз – таза қала үшін» атты акцияда белсенділік танытқаны үшін I орынмен марапатталды. 6 «а» – сыныбының оқушылары Абдулла Елдос, Қуатпай Ханзада, Шәріпжанова Айдана, Төлебай Аружан, Мұсажанова Сая «Балдәурен» атты теле жобаға қатысты. Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру Институтының қолдауымен және «Alraming» оқу орталығы ұйымдастырған қалалық ән байқауында 6 «а» сыныбының 15 оқушысы марапатқа ие болды. Сынып жетекші ретінде Дайырбекова Раушан аудандық, қалалық шараларға белсене араласады.

Ата-аналар мен ұстаздардың арасында беделді, ұлағатты ұстаз.