Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Бұлтақбаева Советхан Әміржанқызы

 

Бұлтақбаева Советхан Әміржанқызы


Бұлтақбаева Советхан Әміржанқызы №159 гимназияда 1995 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Оқытудың интербелсенді жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады. Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық, деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды орындатуды дағдыға айналдырған. Сабағында әр баланың жеке мүмкіндігін аша отырып, әрқайсысын шығармашыл тұлға етіп қалыптастыруда топтық және жұптық жұмыс түрлеріне ерекше мән береді, сөйтіп белгілі бір ортада оқушыны өз пікірін қорғай білудің бастапқы дағдыларына үйретеді. Оқу бағдармалары негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар жасауды жоғары бағалайды. Онда модуль ішіндегі мақсат-міндеттерді айқындау, олардың күтілетін нәтижелермен біртұтас сәйкестігін белгілеу, оқыту әдістерін, сабақ пен оқушы жұмысының түрлерін, құрал-жабдықтарды көрсету жүзеге асырылып отырады. Оқушылары оқу, жазу, есептеу, дүниетану, эстетикалық талғам, өзі күту негіздерін қазіргі білім стандартында берілген талаптар деңгейінде тыңғылықты меңгереді.


Бұлтақбаева С. Ә. өзінің білімділігімен, шығармашылық ізденгіштігімен ерекшеленеді. Мектеп, аудан, қала көлемінде бірнеше рет ашық сабақтар беріп, нәтижесі жоғары бағамен атап өтілді. 2005 жылы ана тілі пәнінен «Айтшы, әжетай», 2006 жылы дүниетану пәнінен «Жануарлардың мекен ортасына бейімділігі» атты ашық сабақтар өткізді. Бұл сабақтары шығармашылық жұмыстардың әр түрін жүзеге асыруда техникалық құралдарды тиімді пайдалана білетіндігімен ерекшеленеді. Осы ашық сабақтарының үлгі жоспарлары «Бастауыш мектеп» журналында жарияланды.

2008 жылы Бастауыш сыныптар он күндігінде қазақ тілінен «Туынды зат есімдерді сөз құрамына талдау» тақырыбында ашық сабақ, дүниетану пәнінен «Топырақтың маңызы» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді.

«Жаңа буын оқулықтарын оқытудың әдістері» атты қалалық семинар кеңесінде дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізіп, сабағы өте жақсы бағаланып, «Бастауыш мектеп» журналының 10-санында шығармашылықпен еңбек етіп жүргендігі атап өтілді.

Бұлтақбаева шығармашылық ізденістерімен де ерекшеленген ұстаз:

4-сыныптың ана тілін оқыту әдістемелігінде ұстаздың жазған «Көктем туралы» шығармасы жарық көрді. «Патриоттық экологиялық және әдеп тақырыптарындағы тәрбие сағаттары» жинағына «Қонақта өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспары енді. Ол 1-4 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын дайындаушылар тобында жұмыс істеді. (2010 жыл). 2009 жылы ақпан айында «Жыл он екі ай» альманахында «Қош бол, бастауыш мектеп», «Менің ұстаздарым» тақырыптарында тәрбие сағатының жоспарлары жарияланды.

Ұстаз оқушылары түрлі үйірмелерге қатысып, мектебіміздің мақтанышы болып жүр. Мысалы, Марданова Алтынай шахматтан бірнеше рет аудандық, қалалық жарыстарға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды. «Ақбота» сайысында, «Кенгуру халықаралық» ойын сайысында шәкірттері жүлделі орындарға ие болған. Мысалы, 2010 жылы «Ақбота» сайысында 11 оқушысы орын алған.

Бұлтақбаева С. Ә. марапаттары:

1.2007 жылы 24 қазанда «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесінде жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қалалық Білім департаментінің мақтау грамотасын алды.

3.2009 жылы «Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы мен жемісті еңбегі үшін» мақтау грамотасына ие болды.