Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
01
ноябрь
2023

«Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы үшін Алматы қаласы, Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда 2023 жылдың 3 қараша күні «Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиын ашық есік күні форматында өткізілді.
Ата-аналар мектеп ұстаздарымен тікелей байланыс орнату арқылы баланың оқу үлгерімі, тәрбиесі, жазған бақылау жұмыстарымен танысты.
Ата-аналарымыз өз әсерлерімен бөлісті.

- Бүгінгі жиналысқа уақыт тауып, келіп қатысқаныма қатты қуандым. Мектептің тұрақты ата-анасымыз, байланыс жасап тұруға, жиналыстан қалмауға тырысамыз. Дегенмен барлық пән мұғалімдерімен бір уақытта жолығып, балам туралы көптеген ақпараттар алдым, ББЖ, ТЖБ жұмыстарын өз көзіммен көрдім, қай жерде, қандай кемшілік, немен жұмыс жасау керек, бәрін тайға таңба басқандай түсіндіріп, көрсетіп берді. Осы жиынды ұйымдастарған мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне алғысымыз шексіз. Жалпы мектебімізге көңіліміз толады, білім, тәрбие шаралары өте жоғары дәрежеде жиі өтіп жатады, өте ризамыз.
Бүгінгі жиналыстың айтары да осы еді, ендеше үштік одақтың ұшқыр ойлары мен нәтижелі еңбектері жемісті болғай!

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: