Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыздар тәрбиесі мен жеке басының гигиенасы» атты тақырыпта 8- 11 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті.
17
январь
2023

«Қыздар тәрбиесі мен жеке басының гигиенасы» атты тақырыпта 8- 11 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті.

 2023 жылдың 17 қаңтар күні Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда «Қыздар тәрбиесі мен жеке басының гигиенасы» атты тақырыпта 8- 11 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті.

Мақсаты: 1.Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік жүргізу.
3. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Анетбекова, гимназия медбикесі Гульнар Таиржанкызы қатысуымен қыз балаларының жеке бас гигиенасына байланысты жұмыс жүргізілді. Гимназия медбикесі Гульнар Таиржанкызы ағзадағы физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар қыздардың жеке бас гигиенасына тоқталды. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@medeu_abb

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: