Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Шелекбаева Камаш Әбдуәліқызы

 

Шелекбаева Камаш Әбдуәліқызы


Камаш Әбдуәліқызы №159 гимназияда 2000-2001 оқу жылынан бастап ағылшын тілі пәні мұғалімі болып еңбек етеді. Оқушыларының ҰБТ бойынша білімдерінің көрсеткіші 80-90 пайыз сапаны көрсетеді. Ұстаздың шәкірттері – аудандық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары. оқушыларды деңгейлеп оқыту арқасында Inter Press орталығымен бірлескен байқауда Дәулетшин Қайнар, Тоқтарқанов Диас сияқты оқушылар жоғарғы деңгейге қол жеткізді. 2007 жылы Айтбенова Майя, Смағұлова Сабина жазғы демалыс кезінде Англияда ағылшын тілін қосымша оқып үйренуде ең жоғары дәрежедегі сертификатқа ие болды. 2009 жылы Әшімова Айтолқын, Құсайынова Зере Республикалық олимпиаданың 2-ші дәрежелі жүлдегерлері атанды. Чехия республикасының Прага қаласында ағылшын тілі бойынша өткен Халықаралық ғылыми олимпиадада Шелекбаева Камаш жетекшілігімен Қуандықова Гүлсара 1-орынды иеленді. Ал Серғалиева Садия «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ғылыми жобада 2-орынды қанжығасына байлап қайтса, Ізбасарұлы Нұр, Тохтарханов Диас 3-орынды иеленді. 2009 жылы Қойжанова Самал ағылшын тілі бойынша «Қайнар» университетінде өткен «Болашақты оқу арқылы таны» акциясына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Шелекбаева К.А.–тәжірибелі сынып жетекшісі. Оның сыныбының оқушылары сабақтан тыс жұмыстарда ерекше белсенді. 2008-2009 оқу жылы «Сөз анасы – сәлем», «Мұқағали, жанымда жүрсің әлі», «Тіл – барлық білімнің кілті» атты аудандық байқауларда мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Шайқов Арман жоғары нәтиже көрсетті. Өзі жетекшілік ететін 11 «ә» сыныбының оқушысы Қожахметов Азамат – география пәнінен оқушылардың республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасының 1 дәрежелі Дипломының жеңімпазы. Сондай-ақ 2010 жылы 10-11 қазан аралығында Грецияның Халкидики қаласында өткен Халықаралық «Интеллектуалдық марафон-2010» олимпиадасына қатысқан Жалмағанбет Олжас математика пәні бойынша 3-орынды, ал физика пәні бойынша 2-орынды жеңіп алып, әлемдік жүлдегер атанды. 2008-2009 оқу жылында шәкірттері Тойбазарова Жәния, Әлібеков Қуаныш «Жаңа Жібек жолы» атты қытай тілі оқулығының кейіпкерлері болып таңдалынды.

Камаш Абдуалиевна – Ұлыбританияда «Макмиллан» баспасы дайындаған ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын көп деңгейлі оқулықтың сөздігінің аудармашысы. Ол «Макмиллан және Альрамин» орталығының жас ұстаздарға көмек көрсетуші әдіскерлер мүшесі, ауызекі тілде сөйлеуді қысқа мерзімде меңгеру тәсілдерін құрастырушыларының бірі. «Opportunites Intermediate» оқулығы бойынша 10-сыныптарда ағылшын тілін тереңдетіп оқытудың Бейімделген бағдарламасының авторы және «Way Ahead» Қазақстан мектептеріне арналған бейімдеу бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен ағылшын тілі грамматикасының ұқсастығы туралы пікірлесуші топ мүшесінің бірі. Ол осы мақсатта 2009-2010 оқу жылында «Way Ahead» «Hot Spot» оқулық авторы Ken Wilsonмен кездесіп, тәжірибе алмасты. Inter Press орталығымен бірлесе отырып, алты деңгейде оқытуды қолдануды зерттеуде.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы әлем тілдері университетінің ағылшын тілі факультетінің бөлімімен де тәжірибе алмасып, пікірлесіп, студенттерге көмек беріп отырады.

Біліктілігін арттыруы туралы мәлімет: ол төмендегідей сертификаттарға ие: 2009 жыл – «Қазіргі жағдайда білім беру үрдісін басқаруда педагогикалық жобалаудың теориясы және практикасы»; 2007 жыл – Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компютерлік сауаттылықты толық оқу курсы; 2009 ж. Ағылшын тілінің грамматикасы.″ Елтану″ ″EDTECH-KZ″ Халықаралық білім орталығы. УДК 811.111АнгББК81..2АНГ 922. INTERPRESS TEASHER TRAINING PROGRAMME 2010.13.01.

Шелекбаева Қамаш аудандық әкімшіліктің, білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол – ұжымда сыйлы, жауапкершілікті педагог.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: