Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыл мұғалімі 2020» және жас мұғалімдерге арналған «Өз жұлдызыңның жарқырауына өзің жәрдем ет!» байқаулары
11
март
2020

«Жыл мұғалімі 2020» және жас мұғалімдерге арналған «Өз жұлдызыңның жарқырауына өзің жәрдем ет!» байқаулары

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиямызда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында гимназиямызда «Жыл мұғалімі 2020» және жас мұғалімдерге арналған «Өз жұлдызыңның жарқырауына өзің жәрдем ет!» байқаулары өтіліп, бүгін өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрікмыңнан тұлпар болған ұстаздар мақтау грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.. Қазір 21 ғасырда ең бірінші орынға тәрбие мен білім қойылады. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. Иә бүгінгі ғасыр мұғалімнің жан-жақты біліммен қаруланған, ойы ұшқыр, шапшаң, әмбебеп тұлға болу қажеттілігін сұрап отырған ғасыр. «Сауаттылық адам мен қоғамның жалпы мәдениетінің негізі, әлеуметтік прогрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады. - деген екен Абай атамыз. Бүгінгі марапаттау рәсіміміздің құрметті қонағы республикаға танымал дана ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан», «Алтын жұлдыз» ордендерінің иегері, бүгінде аты аңызға айналған ардагер ұстаз Миразова Аягүл Төреқызы. Медеу аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сағит Қабдолұлы. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер аяулы ұстаздар!

https://www.instagram.com/p/B9jyRSTHH6h/

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: