Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2019

«Отбасы – тәрбие басы, Мектеп –тәрбие жаршысы»

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы #159гимназияда өткен БҮГІНГІ АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫМЫЗ «Отбасы – тәрбие басы, Мектеп –тәрбие жаршысы» тақырыбымен Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қала мектептерінде бір уақытта өткізілді. Халқымыз қашаннан бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан ас зор мән берген. Баланың дүниеге келуінен бастап оның адам болып қалыптасқанға дейінгі салт-жоралғыларының барлығы тұнып тұрған тәрбие. Абай атамыз айтқандай «Келгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»-демекші, әлдилеп айтылған өлеңнің өзі баланың болашақта адам болып, дүниеге кірпіш болып қаланса екен деген игі тілектермен айтылады. Ия, «Отбасы-шағын мемлекет» дегендей, отбасы мүшелері бір-бірімен тату, ынтымақта болғанда ғана береке, бірлік болады. Баланың жарық дүниеге келгеннен бастап ой-өрісінің дамуы мен сана сезімінің толысуына ата-анасының берген тірбиесі маңызды болмақ.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Дана халқымызда мынадай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлындай қина, он үштен әрі сырласыңдай сыйла» деген екен. Әлем мойындаған ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы деген екен. Француз қайраткері Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»-деген екен. Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Бізге балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы –балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсетілген.Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлуда сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.  

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: