Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2015

"Жас Өркен" газеті

        Гимназияның өзінен шығып тұратын «Жас өркен» атты баспа газеті оқу мен тәрбие үрдісінде қалыптасқан оқушылардың шығармашылық дағдыларын одан әрі дамытудың тағы бір көзіне айналды. Бұл мектеп газеті қазақстандық қоғамда болып жатқан өркениеттік өзгерістердің, демократияландырудың, ізгілендірудің т.б. ілгерілеулердің мән-жайын оқушыларға түсіндіріп, патриоттық рухты насихаттап, нақты тарихи- қоғамдық материалдар арқылы жеткізіп отырды. Осы идеяның аясында әр баланың еркін дамуын, белсенді шығармашылықпен жұмыс істей алу мүмкіндігін арттырып ат салысты. Мектеп бітірген баланың өмірде кездесетін сан-алуан қиындықтардан қиналмай өтуі оның білім сапасының, тәрбиелілігінің, ақылының, ерік-жігерінің, сезімінің, мінез мәдениетінің және этикалық-эстетикалық, экологиялық көзқарас, дене т.б.с.с. жалпы дамуының деңгейіне байланысты. Бұл орайда «Жас өркен» газеті гимназия шәкірттерін осы бағыттарда баулуды, сол сапа-қасиеттерді балалардың бойында ұлттық рухта қалыптастыруды мақсат етіп, гимназияның оқу-тәрбие үрдісімен үндестікте шығарылды.

Гимназия шәкірттерінің төл газеті «Жас өркеннің» шағын баспаханасын 1999 жылы 19 қыркүйекте Орталық Азиядағы Фридрих Эберт Қорының демеушілігімен және Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының қолдауымен ФЭ Қорының өкілі Фраймуса Дуве сыйлады. Екі апта бойы Германиядан келген Кристиан Кольб және Рюдегер Ван Хол деген эксперттер оқушыларға баспахананың жұмыс істеу тәртібі туралы дәріс берді. Өздерінің баспагерлік іс-тәжірибелерімен алмасу жүргізген эксперттер №159 гимназия балаларының алғырлығына ризашылықтарын сүйсіне білдірді. Өйткені баспаханамен жұмыс барысының түсіндіру дәрістерінің барлығы тек ағылшын тілінде өткен еді. Газет ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің 2000 жылғы 17 сәуір №1236 бұйрығы бойынша Республикалық «Дәуір» баспасына тіркеліп, заңды түрде бекітілді. Оқушылар өз арасынан редактор, редколлегия мүшелерін, фотокорреспонденттер, корректорлар сайлап, газеттің атын «Жас өркен» деп атады. «Жас өркен» газеті арқылы оқушылардың ой-өрістері кеңейіп, тіл байлықтары дамып, болашақтарына кәсіптік бағдар алды.

«Жас өркен» газетінің сапалы, қызықты, мазмұнды болуына гимназия оқушылары ғана емес, мұғалімдер де, ата-аналар да мақалалар, эсселер, өлеңдер, т.б. жазып, өте жоғары ынтамен ат салысады. Газет (төрт беттік) беттерінде оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың т.б. гимназиядағы оқу-тәрбие ісіне қатысты тұлғалардың мақалалары, көркем шығармалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көреді. Газеттің редколлегия алқасын мектеп директоры А.Т.Миразова басқарады. Бүгінде бұл істі гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жансәуле Сабыр ыждаһаттықпен жалғастыруда.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: