Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2019

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»

  

   Еңбегі еленген аяулы ұстазымыздың 70 жылдық мерейтойына орай киелі қара шаңырағымызда «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар эссе, өлең, ойтолғау, шығарма конкурстары, ақындармен кездесу, математикалық олимпиада, үздік сабақтар сайысы, танымдық саяхат сабақтары, ойбөлісу алаңы формаларында өткізілді. 19 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өткізілген шаралардың әрқайсысы өз мақсатының айқындылығымен ерекшеленіп отырды. 18 түрлі шараның өзіндік формасына лайықты өнер түрлері мен жүйесі де ерекше болды. Танымдық, тағылымдық маңызы зор шаралар Аягүл Төреқызының өмір жолын, еңбегін, оқушы кезеңінен бастап қазіргі таңға дейінгі көрінісін көз алдымыздан өткізді. Шаралар барысында Аягүл Төреқзының достары, ата-аналар, ұстазынан тәлім алған шәкірттері келіп өзінің ыстық лебіздерін, жүрек жарды тілектерін білдірді.

     Өзінің ізгі ісімен айналасындағыларға үлгі дарытып, үйрете жүріп өзі де үйренуден талмайтын Аягүл Төреқызы істерінің ізгілікке ұласып, аты аңызға айналуының бір ғана құпиялы кілті бар екеніне көз жеткіздік. Ол кілттің сыры бір кісінің бойында АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ пен МАМАНДЫҚ ҚАБІЛЕТТІҢ біте қайнасып, бірбүтін БІТІМ қалыптастыруында екен. Олай болса, бүгінгі асқаралы өмір асуына зор абыроймен көтерілген аяулы Ұстазымызға – Аягүл Төреқызына мықты денсаулық, отбасы амандығын, өзі сүйген ортада ұзақ ғұмыр кешуін тілейміз.

 

 

 

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: