Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2022

Президент жолдауын қолдауымыз керек! Күшіміз бірлікте!

 

  Еліміздің тыныштығын бұзып, мемлекетіміздің барлық өңірлерінде арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысқан лаңкестермен күресу кезінде қаншама сарбаздарымыз, тәртіп сақшылары, құқық қорғау қызметкерлері және қарапайым азаматтарымыз, бейкүнә сәби балалар көз жұмды. Осындай ел басына күн туған сәтте Президентіміздің халықпен бірге болып, оларды сабырлыққа, төзімділікке шақырып, болашағымыздың жарқын болатынына уәде бергені бәріміздің көңілімізге сенім ұялатты. Сонымен қатар ел тыныштығын сақтау мақсатында мемлекет басшысының ҰҚШҰ әскери күшін көмекке шақыруы да орынды деп ойлаймыз. Сондықтан біз Қазақстан халқы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, туған жерімізді, елімізді бірге қорғауға тиістіміз. Әртүрлі жалған ақпараттарға сенбей, тек халықпен бірге Президент жолдауын қолдауымыз керек! Күшіміз бірлікте!

Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназия ұжымы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: