Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2019

«Тұңғыш Президент» күніне арналған ашық сабақ

Бүгін Алматы қаласы,#Медеу ауданы мектептерінде сағат 10.00.ден 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 «Тұңғыш Президент» күніне арналған🇰🇿🇰🇿🇰🇿 ашық тәрбие сағаттары өтілді. Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы № 159 гимназияда Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызының қатысуымен,тарих пәнінің мұғалімі Гүлмира Сағатқызы Асанбекованың ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 9-11 сынып оқушылары Тәуелсіздік жылдарындағы Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы деректерді жіпке тізген моншақтай тізіп, жылдарымен жіктеп айтып шықты.4-5 сыныптардың үздік те, белсенді оқушылары осы мерекелік іс-шарада Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» «Жас қыран» ұйымдарына қабылданды. Оқушылар кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ән мен жырларды орындап, ата-анамен көрермен оқушылар құрметіне ие болды. Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі уақыт өткен сайын маңызы артып халықтың мерекесіне айналатыны сөзсіз. Өйткені, бұл да жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс.

https://www.instagram.com/p/B5c9iQiHn-v/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: