24
сентябрь
2018
Ең үздік жалпы орта білім беру ұйымы
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы білім жүйесі қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесінің жұмысына Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары, білім саласының ардагерлері қатысты. Қала әкімінің ұйымдастыруымен өткен конкурста "Ең үздік жалпы орта білім беру ұйымы" атағына Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия ие болды. Жеңімпаздарға қала әкімдігінен 22 млн. 627 мың теңге грант берілді.






