Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Жиенбаева Жанат Болатқызы

 

Жиенбаева Жанат Болатқызы


Жанат Болатқызы – 1994 жылдан бері Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияда бастауыш сынып мұғалімі. Ол – үлкен ғылыми шығармашылықпен жұмыс істеп келе жатқан тәжірбиелі ұстаз. Осы ұжымға келген уақыттан бері өзінің ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен,өз мамандығын шынайы сүйетіндігімен көзге түсті. ҚР Білім стандарты мен оқу бағдармаларын жүзеге асыруда шығармашылық танытып, отандық озық тәжірибемен үйлестікте шетелдік оқыту технологияларын да қолдану ізденістерін жасайды. 1996 -1998жылдары VTS бағдарламамасының (көзбен шолу,көру арқылы баланың ойын дамыту) мәнді құндылықтарын қазіргі сабақпен бейімдікке келтіру бағытында жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Жанат Болатқызы «Step by Step» бағдарламамасын зерттеп-зерделеп, қонымды тұстарын жетілдіріп қолдануда. Осы бағдарлама бойынша Жанат Болатқызы ТМД елдерінен, республикадан, қаладан, ауданнан келген ұстаздар мен мектеп басшыларына бірнеше рет ашық сабақтар беріп, озық тәжірбиесін таратты. 2001 жылы Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Step by Step» бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тренингке қатысып, «Балаға бағдарланған сыныпты құру» тақырыбында дәріс оқып, үлгі сабақ көрсетіп, «Step by Step» білім беру ортылығынан алғыс хат алды. 2001 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Ойын арқылы математика сабағын өткізу» деген тақырыпта тренинг өткізіп, мақтау грамотасымен марапатталды. 2005 жылы «Бастауыш мектептегі білім беру үрдісін жетілдіру» тақырыбында өткен халық аралық ғылыми-практикалық конференцияда панорамалық сабақ көрсетті.

«Step by Step» технологиясын бастауыш сыныптарда қолдану тақырыбына және тәжірбие алмасу мақсатында АҚШ-ның Техас штатында Хьстон,Даллас,Остин қалаларында халықаралық семинар-тренингке қатысты. 2005 жылы Алматы қаласында қазақ мектептері бастауыш сынып мұғалімдерінің тамыз кеңесінде осы шығармашылық сапары туралы есепті баяндама жасады.

«Педагогикалық еңбек шеберлігі» тақырыбында өзінің іс-тәжірбиесі туралы оқу фильмін ұсынды. 2005 жылы 13 желтоқсанда «Оқу үрдісін технологияландыру» тақырыбындағы республикалық семинарда «Step by Step» технологиясының бастауыш мектепте оқушыларды жан-жақты дамытудағы маңызы» тақырыбында баяндама жасады.

2008 жылы математика пәнін оқыту бойынша «Қазақстан» телеарнасындағы «Білім» бағдарламасында ашық сабағы көрсетілді. Бүгінде ол «Білімнен –құзыретке» тақарыбында ізденісте.

Ұстаз оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында еңбек етіп келеді. Қажырлы еңбек етудің нәтижесінде Жанат Болатқызының оқушылары білім сапаларының жоғары екендігін көрсетуде. Мысалы: «»Кенгуру-2007 халықаралық математикалық конкурста Нұрекенова Зере-1орын,Оразалы Гаухар-2орын,Жарқымбекова Толғанай –3 орын алды. «Ақбота» интеллектуалдық марафонда Деулетов Тимур, Зулкарнаева Аружан 2 орындарға ие болды. «Ыбырай шамшырақтары» атты мәнерлеп оқуда оқушылары 2-орын алды. «Кітап-білім бұлағы» атты сайыста «Сүйікті оқырман» деген атқа Мұсабек Санжар ие болды. «Астана-Алматы- 2011» қысқы Азиада ойындары тақырыбында 4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Көңілді старт» спорттық жарыста бас жүлдені Жанат Болатқызының сыныбының оқушылары жеңіп алды. Құрмамбаев Санжар «Азиада - 2011» сурет көрмесінде «Гран приді» жеңіп алды» Армысың, әз Наурыз» сурет байқауында Құрмамбаев Санжар 1-орын,Тұрдалина Ажар да 1-орын алды. «Біржан мен Сара» ақындар айтысы өнерінде» Көшен Санат бас жүлдеге ие болса, Пазылбекова Асылажар «Жас ақын» атағына ие болды. Сказка-ложь да в ней намек» атты интеллектуалдық ойында Көшен Санат,Тәжібақыт, Әнел,Рахымханова Зере мақтау қағаздарымен марапатталды. Тұрдалина Ажардың өлеңдері «Жас өркен», «Жыл он екі ай» газет-журналдарында жарық көрді. 2010-2011 оқу жылы «Республиканың ең үздік оқушылары» атты кітапқа сыныптағы әнші оқушы Рахметолла Карина енген. Сыныптағы барлық оқушылар «Балдырған, «Жыл он екі ай» журналдарына жазылады.

Жанат Болатқызы – оқушылар мен ата-аналарының, әріптестерінің арасында беделді, сыйлы ұстаз.

Жиенбаева Ж. Б. төмендегідей марапаттардың иегері:

1.10.08.99.жыл ҚР білім беру ісінің үздігі.

2.«Step by Step» бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейдегі «Ментор-тренер» атын иеленген.

3.«Step by Step» білім беру ортылығының алғыс қағазы.

4.2001,2002,2003,2004 жылдарда – «Step by Step» білім беру орталығының мақтау қағаздары.

5.2001 жылы - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесінде жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» мақтау қағазы.

6.2002 жылы – «Оқытудың жаңа технологиясы әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану» атты панорамалық сабақ сайысында аудан бойынша 1-орынды иеленгені үшін мақтау қағазы.

7.2009 жылы–«Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі шығармашылығы мен жемісті еңбегі үшін» мақтау қағазы.

8.АҚББЖМБК ҚД институты 2005 жыл. «Білім беру ісіндегі шығармашылық табыстары үшін» мақтау қағазымен марапатталды.

9.«Ғылым» баспасынан 2010 жылы шыққан «Лучшие работники образования Республики Казакстан» жинағына ол туралы «Сердце отданное детям» деген мәтін беріліп енген.

10.АҚШ,Техас штаты, Хьстон қаласы «Күміс төс алқа».


Өзінің кәсіби шеберлігін көтеруде Жанат Болатқызы мынадай сертификаттар оқып алған:

1.«Step by Step» білім беру ортылығының сертификаттары 2000,2001,2002 жыл. Алматы қаласы.

2.10-12 қараша 2003 жыл, Бішкек қаласы,Қырғыстан Республикасы. «Ментор-тренер» сертификаты.

3.1-10 маусым2005 жыл,АҚШ,Техас штаты, Хьстон қаласы,Халықаралық сертификат.

4.27-01 маусым,Алматы қаласы, Халықаралық сертификат.

Сүйікті ұстаздың еңбегіне ризалығын білдірген 4- сынып оқушылары ата-аналарының шынайы құрметінен туған өлең шумақтарын келтіре кетуді жөн көрдік:


Апайымыз ардақты асыл Жанат

Оқушыға зор талап, берген қанат,

Шығармашыл табыста жаңашылдық

Өзіңізге тілейміз биік санат.


Білгені деп кетпесін ойдан тарап,

Қоя білген балаға қатал талап.

Бәйгелерге аламан дайын болып,

Асуларға бәрі тұр, міне, жарап.


Шексіз алғыс ата-ана атынан,

Шексіз алғыс нағыз ұстаз затыңа.

Құтты болсын аттандырып тұрғаның

Шәкірттерді бастауыштық сатыдан!


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: