Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2013

Кафедра казахского языка

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы:

Кафедраның проблемалық тақырыбы: «Жаңашыл педагогтар әдістемесінің озық тәжірибелері мен ғылыми әдістемелік нұсқауларды пайдаланып, шығармашылық тұлға қалыптастырудың әдісі мен тәсілдерін жетілдіру»

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының мақсаты: «ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу, ата баба дәстүрінде адамгершілік негіздеріне, адалдыққа тәрбиелеу, ана тілі мен әдебиеті бойынша білім негіздерін меңгеру, оны шығармашылықпен қолдану құзыреттерін қалыптастыру»

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының міндеттері:

1.ҚР-ның Тіл туралы заңының орындалуына жеке көңіл бөлу

2.Әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру.

3.Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдарын іздерстіру

4.Оқушылардың оқытудың мазмұны мен әдістерін қоғам қажеттілігі және педагогика ғылымының соңғы жетістіктері мен мектеп бағытына сәйкес жетілдіру.

5.Оқушылардың спаплы білім, білік, дағыдларының қалыптасуы мен даму деңгейлерін қадағалау.

Кафедрада 4 жұмыс кабинеті бар. Оның біреуі мультимедиалық кабинет. Кабинеттерде картотекалық жүйесі тақырып бойынша жүйеленген. Дидактикалық үлестірмелі материалдар, мультимедиялық техника, лабораториялық жабдықтар тиімді пайдаланып, үнемі оқушыларға қызмет етуде.


Жаратылыстану-математика бірлестігі

Әдіс бірлестігінің мақсаты: Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды меңгеруді ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби бағдарлануға бағыттау.

Әдістеме бірлестігінің міндеті:

1.Оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай жоғары деңгейдегі білімді игеруге жағдай жасау жолдарын әдістемелік тұрғыдан іздестіру.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруды, дамытуды ұйымдастыру.

Жаратылыстану-математика пән бірлестігінің соңғы үш жылдық жұмыстарын тексеру қорытындысы: жаңа оқу жылының міндеттері, бірлестік жоспары, мемлекеттік оқу стандартының нормативтік талаптары, санаты жоғары мұғалімдердің іс-тәжірбиесін тарату, білім жетілдіру курстарынан өту және атестаттау кестесі, бірлестіктің тоқсандық бағаларының және алынатын тест, бақылау жұмыстарының салыстырмалы мониторингі, оқу кабинеттерінің жүйеленуі, пәндік олимпиада, ғылыми жоба жұмыстары, жас мамандарға қамқорлық, педагог мамандығында тұрақтандыру әрекеті, тәлімгерлік жұмыстары бірлестіктің онкүндігі, апталығы, бірлестік отырысы, жиындар мен шешімдердің орындалуы толық жүзеге асырылған. Атқарылған әр жұмыстарға талдау жасалынып, хаттамалары тіркелген. Бірлестік жұмысы жоғары деңгейде жолға қойылған.

Бірлестік мұғалімдерінің оқу бағдарламалары күнтізбелік жоспарлары мемлекеттік стандарт талаптарына сай жасалынған. Сынып журналдары күнтізбелік жоспармен сәйкес толтырылған, бақылау жұмыстарының бағалары толық қойылған. Бақылау және зертханалық жұмыстардың дәптерлері ұқыпты жинақталған.

Информатика мұғалімдері интерактивті оқыту, желілік оқыту, қашықтықтан оқыту, электронды оқулықтармен оқыту сияқты ақпараттық технологияларды сабақтарында қолданады.

Физика және математика пәндерінің мұғалімдері дамыта оқыту, деңгейлеп және саралап оқыту, жобалар тәсілі сияқты оқыту технологияларын кеңінен пайдаланады.

Гимназияда 4-математика кабинеті жұмыс істейді. Әр оқу кабинеттері талапқа сай жабдықталған. Оқу кабинеттерінде санитарлық-гигиеналық норма, жарықтың берілу тәртібі дұрыс сақталған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен және математика пәніне арналған стенділермен жабдықталған. Пән мұғалімдерінде математикадан дидактикалық, әдістемелік материалдар қорының жинағы жеткілікті және талапқа сай жүйеленіп, картотека жасалынған. Сонымен қатар пән кабинеттерінде қауіпсіздік техникасына арналған папкалар, алғашқы көмек көрсететін дәрі-дәрмек қобдишасы, өрт сөндіру құралдары бар.


Шетел тілдері кафедрасы

Кафедра проблемасы: "Шетел тілдерін қалыпты деңгейде меңгерту мақсатында, сабаққа жаңа технология элементтерін енгізе отырып, шығармашылық белсенділіктері жоғары дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу”. Кафедраның барлық құжаттары талапқа сай, толық, олар әдістемелік кабинетте сақталған. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру құжаттары, әр тоқсан сайын алынған жазба жұмыстарының қорытындысы, пәндік үлгерім көрсеткіштерінің мониторингтері сапа көрсеткіштерімен берілген. Жыл сайын өтетін пәндік онкүндік жұмыстарына жеке папкалар арналып, ішінде ашық сабақтар жоспарлары тіркелген. Мұғалімдердің іс-тәжірибелері баспа бетіне жарияланып, таратылған. Жарық көрген жұмыстардың бәрі пән кафедрасының жұмыс папкасында жинақталған.


Шетел тілдер кафедрасындағы пәндер бойынша білім сапасы көрсеткішінің мониторингі


р/с

Пән мұғалімдері

2006-2007

2007-2008

2008-2009

2009-2010

/ж.жылдық/

1

Губаева Мүгілсім

90%

92%

93%

93%

2

Даирбекова Раушан

75%

78%

75%

90%

3

Абдрахманова Гулмира

87%

85%

85%

82%

4

Шелекбаева Камаш

87%

87%

87%

87%

5

Сайдикеева Сәуле

-

-

-

94%

13

Мадалимова Жанар

82%

-

-

90%


5 сыныптар

6 сыныптар

7 сыныптар

8 сыныптар

1 ж.ж

м.і.б.

1ж.ж.

м.і.б.

1 ж.ж

м.і.б.

1ж.ж.

м.і.б.

Үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Сапа

76%

78%

95%

98%

93%

97%

89%

93%


Оқу кабинеттерінің жабдықталуы

Гимназияда ағылшын тіліне арналған 5 кабинет бар (2.11,30,8,12). Олардың үшеуі – мультимедиалық кабинет (8,12,30). Кабинеттер оқушылардың жас ерекшелігіне және білім деңгейіне сай келетін оқу-әдістемелік құралдармен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Барлық кабинеттерде санитарлық норма сақталған.


«Қоғамдық – гуманитарлық «пәндер кафедрасы

Әдістемелік бірлестіктің проблемасы:

««Білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған құзіретті білімге көшу» тұжырымдамасы аясында қоғамдық пәндерді оқытуда оқушылардың таным белсенділігін арттыратын жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»

Мақсаты:

«Тарих және басқа да қоғамдық пәндерді оқытуда оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін инновациялық ақпараттық әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану формалары бойынша тәжірибе алмасу»

Міндеттері:

1.Білім берудің жаңа моделіне көшудегі қоғамдық пәндерді нәтижеге бағытталған оқытуға қатысты ақпарат көздерімен жұмыс істеу және өзара тәжірибе алмасу арқылы кері байланыс жасау;

2.Оқу-тәрбие үрдісінің мемлекеттік стандартының талаптарына сай, оқу кабинеттерін жоғарғы дәрежеде жабдықтау;

3.Әдістемелік өзара тәжірибе алмасу отырыстарында жаңа технологияларды оқыту үрдісіне енгізу туралы талдаулар жасау;

4.ҰБТ-да жоғарғы көрсеткішке қол жеткізу үшін мұғалімнің оқу-әдістемелік тәжірибесін үнемі көтеру;

5.Тәжірибесі аз ұстаздарға әдістемелік көмектер беру мен тәлімгерлер жұмысын жандандыру.


Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің кафедрасы

Гимназияда орыс тілі пәні бойынша 2 кабинет жабдықталған. (№12,23). Олар оқу талабына сай: кабинеттерде дидактикалық қабырға стендттері, комьпютер, телевизор мен видео қондырғылар бар. Қажетті таратпалы материалдар толық бір жүйеге келтірілген. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарына арналған жеке бөлім кабинеттерде орын алған.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

21 февраль 2013 Доска почета
21 февраль 2013 О гимназии