Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2021

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні

 Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарымқатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасы. Баға жетпес бұл бай мұраны қастерлеп, құрмет тұтамыз. Мемлекетіміздегі басты тіл, халқымыздың тілі – қазақ тілі екені мәлім. Бұл Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында да анық жазылып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп айқындалған. Осы қасиетті қазақ тіліміз әлемдегі ең бай үшінші тіл екен. Сөзімізді айғақтайтын мына бір дәйекке тоқтала кетейік. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың сөз бар екен. Әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алып отырған қазақ тілінің тазалығын жоғалтпай, сақтап, одан әрі байыта түсіп, кейінгі ұрпаққа табыс ету – қазіргі буынның ұлттық парызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: