Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2014

Мұқанова Назерке Жөкенқызы

Мұқанова Назерке Жөкенқызы он жылдан астам ұстаздық еңбек жолында ізденуден жалыққан емес. Жанерке Жөкенқызы – мектепте информатиканы оқытуда жаңа ақпаратты технологияның озық әдістемелік іс-тәжірибелерін тиімді пайдаланып жүрген ізденімпаз, талапты ұстаздың бірі.

       Қалалық мектеп ұстаздарының арасында ұйымдастырылған семинарларда ашық сабақтар өткізіп, өз әріптестерімен іс-тәжірибесін бөлісіп келеді. 2006-2007 оқу жылында Корей Республикасының Конвонда білім департаментімен бірге 8-ші рет өткізілген «Білім сапасын ақпараттандырудың жаңа технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияда «Информатика пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты ғылыми-әдістемелік баяндама жасады. Баяндама «Білім жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология» атты ғылыми-практикалық жинаққа енді. Сондай-ақ, 2008 жылы Microsoft корпорациясы мен Алматы қалалық білім жетілдіру институты ұйытқы болған «Жазғы мектеп Microsoft-20008» тренингіне қатысты. Алты күнге созылған республикалық тренингте ұстаз өзінің «VCT» жобасымен таныстырды. 2009 жылы информатика пәні мұғалімдерінің тамыз конференциясында «Информатика пәнін оқыту процесіндегі ақпараттық жаңа коммуникациялық технологиялар негізінде оқушылардың құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. 2007 жылы мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты мен Microsoft корпорациясы ұйымдастырған қашықтық олимпиадада «Дәстүрден тыс сабақ жоспары» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. 2009 жылы Алматы қаласы информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Алтын диск» сайысының бас жүлдегері, 20009 жылы информатика пәні мұғалімдері арасында өткен ІІІ Республикалық «Алтын диск» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

         «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп жатады халқымыз. Алған білімін өмірлік құзырет етуге талаптанған оқушылар жетістігі өздерінің де, ұстазының да бағын жандыруда. 2008 жылы информатика пәнінен 10-шы рет өткізілген «Microsoft демалысы-2008» атты қашықтық олимпиадаға дайындаған оқушылар командасы бірінші орынға ие болса, Аян Ишмухамбетов  «Үздік логотип» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 2009 жылы информатика пәнінен өткен аудандық және қалалық олимпиадада оннан астам оқушылыра 1,2,3 орындарды иеленген. 2011 жылдың 20 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығына және Медеу ауданының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін «Информатика» пәнінен қалалық олимпиадада Назерке Жөкенқызының оқушылары командалық есеп бойынша ІІ орынды жеңіп алды.

            Баспа беттерінде жарық көрген еңбектері: 2009 ж. №6 «Информатика негіздері» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. «Ақпараттық жаңа коммуникациялық технологиялар негізінде оқушылардың құзырлығын қалыптастыру»; 2010 ж., №9 (40) «Дауыс және көрініс» Қазақстан оқу ассоциациясының ұлттық журналы. «СД   әдістемелік жүйесі- білім беру сапасын қамтамасыз ету негізі»;  2008 ж., №1 «Тәрбие сағаты. Классный час» республикалық –педагогикалық әдістемелік журналы. «Сұлулықпен қыз егіз» атты тәрбие сағаты.

           Назерке Мұқанованың өзіне тиісті информатика пәнінен тыс сынып жетекшісі қызметін атқарады. Жетекшілік ететін сыныптың жалпы білім сапасы 75 пайызды құрайды. Сынып оқушылары білімді, өнерлі, өте ұйымшыл. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Оқушыға саналы әрі жан-жақты тәлім беруде тәрбие сағаттарын өткізу жолға қойылған. Олардың түрлі тақырыптарда, түрлі әдістермен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығын арттырады. Мәселен, 2009 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген кеш ақын-қаламгерлермен кездесуге негізделген. Ұстаздың бұл еңбегі «Алматы» телеарнасында «Шолушы» бағдарламасы арқылы көрерменге жол тартты.

          «Қыз өссе елдің көркі» деген Алматы мектептері үшін белгіленген қалалық проблемалық-шығармашылық тақырып аясында тәрбие сағаттарының негізгі бір құрамдас бөлігі ретінде Назерке Мұқанова сыныптағы қыз балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Және айтылған өсиетті қабылдау қасиеті мен оны қолданудағы біліктілік деңгейін анықтап отыру – ұстаздың басты принципі. Осындай мақсатта өткізілген «Сұлулық пен қыз егіз» атты тәрбие сағаты 2008 жылы «Алматы» телеарнасының «Өсиет» діни-танымдық бағдарламасында көрсетілді.

           Назерке Жөкенқызы қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін орындауды парыз санайды. Ол  Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты ақпараттық салауаттыққа оқыту жөнінде республикалық жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге 2005-2008 жылдары ҚР орталық сайлау комиссиясының инженерлік техникалық орталығының шешімі бойынша электронды сайлау жүйесінде оператор ретінде өз үлесін қосты.

Марапаттаулары:

·      2008,2009,2010 жж. Медеу ауданы Білім бөлімінің мақтау қағазы;

·      2007,2008,2009 жж. АҚББЖМБК және ҚДИ грамоталары және алғыс хат;

·      2008 ж., Алматы қаласының Білім Департаментінің грамотасы;

·      20009 ж. Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған;

·      2011 ж Туран университетінің мақтау қағазы.

 

 

 

 

 

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: