Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйіне 6 сынып оқушылары экскурсия ұйымдастырылды.
28
ноябрь
2023

Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйіне 6 сынып оқушылары экскурсия ұйымдастырылды.

1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның тұрған үйін мұражай ету туралы Қаулы шығарды (1961 жылы 10 тамызда). 1963 жылы қарашаның 28-інші жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашқан болатын.
Жазушының шығармашылығымен, өмірбаянымен жақынырақ таныс болу мақсатында бүгін 6 "В" сынып оқушылары музейде қонақта болды.
Екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізді. Үй құрылысы 1950 жылдың мамыр айында басталған екен. Осы үйде қаламгер әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясына байланысты ұзақ жылдарға созылған қажырлы еңбегіне нүкте қойғаны туралы музей қызметкерлері оқушыларға таныстырып түсіндірді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@medeuaudany
@saparagaisha

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: