Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында «Мен – көшбасшымын!» атты аудандық слеті өткізілді.
15
ноябрь
2023

«Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында «Мен – көшбасшымын!» атты аудандық слеті өткізілді.

2023 жылдың 14 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия базасында «Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында «Мен – көшбасшымын!» атты аудандық слеті өткізілді.
Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Мектеп парламенті көшбасшылары 5 тақырып бойынша баяндама жасады. Баяндамаларда қарастырылған мәселелер: көшбасшылық, көшбасшыға тән қасиеттер, жетістікке жетудің қадамдары, мақсат қою және жоспарлау, мектеп парламенттерін дамыту, өзін-өзі басқару қызметіне және нәтижеге жетуге әсер ететін факторларға байланысты болды. Слет аясында ел игілігіне бағытталған білім алушылардың әлеуметтік жобалары (табысты тәжірибе) презентацияларының көрмесі ұйымдастырылды.
Слет қорындысы бойынша №159Г, №53 Г, №29 ЖББМ, №17 МИ, №35 Г, №12 МГ, №168 МГ, № 56 Г, №48 МЛ, №98 ЖББМ мектептері қалалық кезеңге жіберілді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edualmaty
@lyazzat__88
@medeuaudany
@saparagaisha

 [media=https://www.instagram.com/reel/Czqiv09MprQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=ODhhZWM5NmIwOQ== ]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: