Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2023

«Шахмат ойнау» челленджі

[media=https://www.instagram.com/p/Cq7Rva-t-RL/?igshid=MDJmNzVkMjY=]

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2023 жылдың 12 сәуір күні Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда «Шахмат ойнау» челленджі ұйымдастырылды.
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.
Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар.
Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
 білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;
 білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту;
 челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту;
 еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
#игравшахматы
#қазақстаншахматшылары
#шахматойыны
#яшахматист

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: