Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-сынып оқушыларына арналған " Кел, балалар, оқылық!" салтанатты жиыны
01
сентябрь
2021

1-сынып оқушыларына арналған " Кел, балалар, оқылық!" салтанатты жиыны

         2021-2022 оқу жылында 01.09.2021ж. мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сынып оқушыларына арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиын мектеп алаңында өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапароваға ұсынылды. Мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаз оқушыларға ақ тілегін білдірді. Келесі сөз кезегі Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Саттаров Манап Ағзамұлына берілді. "Әліппе" оқулығы оқушыларға салтанатты түрде табысталып, бөбек пен түлек жұп болып алғашқы қоңырау күмбірлете соғылды. Салтанатты жиында санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталып, 25 минут уақытты қамтыды.

 

 

 

 Инстаграмм желісі:  https://www.instagram.com/p/CTTiEENqyvs/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: