Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2016 жылдың 4 мамырда «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді
21
ноябрь
2016

2016 жылдың 4 мамырда «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

      Семинардың басталуында Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы   тағылымды ойлары мен пікірлерін айтып, кіріспе сөз сөйледі: «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыбындағы Елбасымыздың бағдарламалық мақаласында болашақтағы барлық сала бойынша даму жолымыз айқын бедерленген деп айтуға болады. Мақалада қазақстандық арманға бастайтын басым бағыттарды айқындап қоймай, Бес институциональдық реформаны жүзеге асырудың «жол картасын» ұсынды. Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. 

   Елбасы әлемдік тәжірибені зерделей, саралай келіп, осындай тұжырымға келіп отыр деп ойлаймын.

   Бүгінгі семинарға қатысушыларға табыс тілеймін.

           Әбдіманапова Қарлығаш Аханқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы:

Алматы қаласында үш тілде білім берудің сапалы жүргізілуіне көптеген мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Бүгінгі семинарға қатысушылардың аузынан жағымды, тиімді пікірлер естиміз деп те ойлаймын. Білім басқармасы бұл бағыттағы жұмысты бастап та кетті. Сәттілік тілеймін!

Хор. «Көзімнің қарасы» үш тілде

 

Ы.Алтынсарин атындағы № 159 гимназия оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) орындап шықты. Оқушылар тілінен үш тілге де бейімділікті аңғару қиын емес. Жауапты – Қисымбетова Шолпан Бақытжанқызы.

 «Үш жұлдыздың тоғысуы» (Абай, Пушкин, Шекспир)

Бұдан әрі  «Үш жұлдыздың тоғысуы» тақырыбында гимназия оқушылары үш тілде өз күштерімен дайындалған көріністерін көрсетті.

 Алдымен, 5-9-сынып оқушылары бірігіп, Абай шығармашылығына арналған көрініспен таныстырды. Сахналық көріністе Абай мен баласы Әбдірахманның шешендігі, Абайдың жары Әйгерімнің ән орындауы, Абай қасына топталған әнші, күйші, өнерпаз жастардың шығармашылығы өте әсерлі баяндалды. Жауапты – Бейсекина Азигүл.

 

 

 

         9 «Б» сынып оқушылары «Цыганы» поэмасының мазмұнын көркем түрде көрініспен жеткізді. Оқушылардың поэма мазмұнын терең меңгергені, тақырыптық-идеялық мазмұнын түсінгендері ерекше қуантты. Оқушылардың дайындаған костюм үлгілері, би қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жауапты – Құдайқұлова Назым.

 

Гимназияның 6 «Г» сынып оқушысы кәріс қызы Пак Щи-Ын өзінің қазақ тілінде сөйлеу мәнерімен, тіл байлығымен, әсіресе, домбырада бірнеше күй орындап, семинар қонақтары мен оқушыларды ерекше тәнті етті.

 

 «Шебер сынып»  

Математика пәні мұғалімі Қасым Нұрсұлтан гимназия тәжірибесінде  тоғыз жылдан бері жүргізіліп келе жатқан математиканы ағылшын тілінде оқыту тәжірибесімен бөлісті. 8 «А» сынып оқушыларының ағылшын тілінде есеп шығарып, ойларын дәлелдеуінен жүйелі жұмыстың мазмұнын аңғару қиын емес.

 

 

 

  

Кеш соңы түрлі жастағы мектеп оқушыларынан құралған бишілер тобының «Достық» биімен қорытындыланды. Жауапты – Асанова Ақмарал. Гимназия оқушылары бірнеше ұлттың биін орындап, өнер жолындағы ізденістерін жайып салды.

 

 Гимназия директорының міндетін атқарушы Э.И.Бидайбекова қорытынды сөз сөйлеп, кешке келген қонақтар мен ұстаздарға, өнерпаз оқушылар мен жауапты мұғалімдерге табыс тілеп, алғысын жеткізді.

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 сентябрь 2016 Білім күні
05 август 2016 Хабарландыру!!!
22 октябрь 2015 "Жас Өркен" газеті
01 сентябрь 2020 ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!