Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің бос лауазымдары бойынша конкурсын жариялау
16
август
2022

Педагогтердің бос лауазымдары бойынша конкурсын жариялау

Алматы қаласы Білім басқармасы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды: 

  • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -  екі лауазым бос орнына;
  • директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - бір лауазым бос орнына;
  • қосымша білім беруді ұйымдастырушы педагог - бір лауазым бос орнына;
  • 5-11-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі -  үш лауазым бос орнына;
  • орыс тілі  пәнінің мұғалімі - үш лауазым бос орнына;
  • ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- төрт лауазым бос орнына;
  • математика пәнінің мұғалімі- екі лауазым бос орнына;
  • информатика пәнінің мұғалімі- бір лауазым бос орнына;
  • көркем еңбек пәнінің мұғалімі- бір лауазым бос орнына;
  • бастауыш сынып мұғалімі -  екі лауазым бос орнына;
  • психолог - екі лауазым бос орнына;
  • жүзу жаттықтырушысы - бес лауазым бос орнына;

Конкурс жарияланған лауазым атауы: «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурсты өткізу орны: Алматы қаласы, 050010, Қабанбай батыр, 86 
Байланыс телефоны:  +7 (727) 236-29-22. 
Электрондық мекенжай: alm_gimnaz159@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Алматы қаласы Білім басқармасы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім "Enbek.kz" сайтында, инстаграмм әлеуметтік желісінде, Алматы қаласы Білім басқармасы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ-нің ресми сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
-жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
-педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
-компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығы)

Өтініш жүктеу: tnsh.docx [33,11 Kb] (cкачиваний: 323)
Посмотреть онлайн файл: tnsh.docx

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса)
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;  

Бағалау парағын жүктеу: baalau-paray.docx [26,67 Kb] (cкачиваний: 576)
Посмотреть онлайн файл: baalau-paray.docx

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 октябрь 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
09 октябрь 2018 Үздік педагог-2018