Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Информатика пәні мұғалімдерінің ашық сабақтары

Автор: admin2 от 21-11-2016, 23:34, посмотрело: 416

0

Информатика пәнінен ашық сабақ көрсеткен тәжірибелі ұстаздар Тұңғышбаева Гүльназ, Мұқанова Назерке, Махамбетова Ғазиза, Ибраимкулов Айбек, Саргалтакова Қарлығаштың сабақтары да жоғарғы деңгейде өтті. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге іскерлікпен жұмылдыра білді, сабақтың әрбір кезеңі өте қызықты өтті.

 

 

        6 г сыныбында өтілген Сарғалтақова Қарлығаштың «Тұсаукесерді безендіру» тақырыбында сабағы жоғары деңгейде өтті. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге іскерлікпен жұмылдыра білді, сабақтың әрбір кезеңі өте қызықты өтті.

 

 

         Ал 2 г сыныбында Ибраимкулов Айбектің «Ақпаратты бейнелеу» атты сабағы өте тартымды өтті. Ұстаз бен бастауыш сыныбы оқушылары арасында керемет байланыс, ынтымақтастық бар. Ұстаз оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мәлеметтер беріп, қызықтыра жұмыс істете білді.

 

Категория: Мектеп дастyрi

 

Математика, физика және информатика пәндері кафедрасының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының есебі.

Автор: admin2 от 21-11-2016, 23:29, посмотрело: 478

0

 

2015-2016 оқу жылында кафедрада 8- математика пәнінің мұғалімі, 3 – физика пәнінің және 5 – информатика пәндерінің  мұғалімдері еңбек етті.

Пән мұғалімдерінің барлығы талапқа сай, кәсіби шеберліктері шыңдалған, білім дәрежелері жоғары ұстаздар. Кафедра жұмысы құрылған жоспар бойынша жүргізілді. Отырыстары тоқсан сайын өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып, әкімшілік тарапынан қадағаланып отырды.

Мектепішілік бақылау тексерулер, тоқсандық тестік тексерулер жоспарлы түрде жүргізіліп, талданды. «Өрлеу» білім жетілдіру курсынан өткен ұстаздар жиі коучингтер өткізіп, жаңа оқыту технологиясымен тәжірибе бөлісті.

Қазіргі таңда математика пәнінің мұғалімі деңгейлік курстан өтуде. Сонымен қатар ұстаздар оқушыларын әр түрлі дәрежедегі олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленді. Төмендегі мәліметтерді көрсетіп кетейік.

7ә, 8а сыныптарында үштілділікке орай алгебра пәнінен ағылшынша сабақ беретін Қасым Нұрсұлтан 8а сыныбының оқушыларымен әр түрлі телехабарларда сабақ көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

  Сәуір айында өткен семинарда Республика мұғалімдеріне тәжірибелі ұстаздарымыз Тұнғышбаева Гүльназ, Шадиев Қайрат, Нұғыманова Назым ашық сабақ көрсетіп, оқытудың жаңа технологиясын қолданудың әдістерімен бөлісті.

 

Сәуір айында өтілген кафедра онкүндікте кафедра мұғалімдері ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Математика, физика, информатика пәндері кафедрасының 2015-2016 оқу жылындағы 6-16 сәуір аралығында «Жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы матаематика, физика информатика пәндерін оқыту» тақырыбында өткізген онкүндігінің қортындысы.

 

Онкүндікке байланысты мектеп фойесінде газеттер, сканворд, ребустар және кафедраның осы оқу жылында оқушылардың түрлі Республикалық жән Халықаралық олимпиадалар және Ғылыми жоба жарыстарында жеткен жетістіктері жөнінде мәлеметттер ілінді.

Онкүндік ашылуы «МИФ лигасы» футбол сайысы түрінде 6-7 сыныптар арасында өтті (пән мұғалімдері Махамбетова Ғазиза, Сарғалтақова Қарлыгаш, Таирова Анида, Қазез Ертай). Зияткерлік сайысы 3 кезеңде өтті. 6-7 сыныптардан 6 оқушыдан 4 топ қатысты. Кезеңдердегі сұрақтардан дұрыс жауап бере алмаған оқушылар шығып отырды. Ең соңында «Давинчи» тобы жеңіске жетті. Оқушылар номинациялар бойынша марапатталалды. Ұстаздардың Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігі байқалды. Байқожа Баққожа мен Таирова Анида жүргізді. Оқушылар зор қызығушылықпен белсене қатысты.

 

 

         Физика пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Әлия 10-шы сынып оқушылары арасында «Физика – өмір кілті» атты жарыс өткізді. 10 сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, түрлі тәжірибелер көрсетіп, сайысқа түсті сайыс өте қызықты өтті, себебі қойылған сұрақтар өмірмен байланысты және ғылыми тұрғыдан алынған, әрбір кезең оқушынң ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

 

 

    Физика пәнінің мұғалімі Диқамбай Төлеген 7-б сыныбында «Энергия. Денелердің потенциалдық, кинетикалық энергиялары» атты ашық сабақ көрсетті. Мұғалім сабаққа жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалған. Сабақтың құрылымы дұрыс, интерактивті тақтаны еркін меңгерген. Ұстаз жаңа сабақты түсіндіру барысында түрлі тәжірибелер жасай отырып, сабақтың негізгі мазмұнын ашты. Жаңа сабақты  бекіту кезінде түрлі сұрақтар қойылып, есептер шығарылды. Тест алу арқылы қорытыланды, өздеріне білімдерін бағалатты. Оқушылардың белсенділігі жоғары, білімдері жақсы.

 

 Ескерту: Дамыта оқытуға ерекше назар аудару. Оқушылардың ойы, қорытынды пікірлеріне көңіл бөліп, өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру.

 

Алгебра пәнінен 7-в сыныбында Нұғыманова Назым «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Жаңа сабақ жүйелі түрде түсіндірілді. Интерактивті тақтаны орынды пайдаланып, сапбақтың әр кезеңіне сай алға жетелейтін ұран немесе ат қойылып отырды. Оқушылардың белсенділігі жоғары. Деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа сабақ бекітіліп, қорытындыланды. Ұстаздың тәжірибесі мол, ойы ұшқыр екенін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың белсене қатысуы барысында байқалды.

Математика пәнінің мұғалімі Рахманқұлова Гүлайна 8-б сыныбында «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбына ашық сабақ көрсетті.  Өткен сабақтағы теориялық білімдерін бекіту сабақ болды. Деңгейлік тапсырмалар беріп, сын тұрғысымен ойлау әдісін қолданып, интерактивті тақтаны пайдаланып, өте қызықты өткізді. Оқушылар сабақта белсенділік көрсете білді. Тәжірибелі білікті ұстаз екенін жүйелі сабағынан байқатты.

Сонымен қатар, жас мұғалімдер Қазез Ертай, Байқожа Баққожа 5 ә, 8 в сыныптарында ашық сабақтар беріп өз мүмкіндіктерін көрсетті, сабақ құрылымдары дұрыс, ұстаздық шеберліктерін шыңдауға ізденіс үстінде, алға ұмтылыстары бар. Ұстаздардың сабақтарында оқушыларға көп білгізейін , көп үйретейін деген ұстанымдары бар.

 

Интерактивті тақтаны жан – жақты пайдалана біледі, білімдері өте жақсы. Олардың келешекте өз ісінің білгір маманы болатынына кәміл сенеміз.  Әсіресе Қазез Ертайдың былтырғы жылмен салыстырғанда ұстаздық шеберлігін шыңдауда өсу деңгейі байқалды.

 

 

Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімі Дүйсебаева Б. 7 сынып оқушылары арасында математикадан жарыс өткізді. Оқушылар өз бідімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Сайыс өте қызықты өтті.

 

Ең соңғы күні математика пәнінің мұғалімі Бакибаева Нурбакыт Габдышукуровна 8 сыныптар арасында «МИФ әлемінде» атты интелектуалдық жарыс өткізді. Әр сыныптан 6 оқушыдан 4 топ қатысып, сайыс өте ұқызықты өтті. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған оқушылар шығып отырды. Оқушылар номинациялар бойынша марапатталды. Сайыс 1-7 кезеңдерден құралды. Кезеңдерге сұрақ-жауап, эстафеталық жарыс, мақал-мәтелдерді жалғастыру және формулалар жарысы болды. Үй тапсырмасы бойынша әр сынып математикалық қойылым қойды, өте мағыналы, мазмұнды қойылымдар көрсетіліп, оқушылар өздерін жан-жақты, білімді де өнерлі екендерін байқатты. Өте қызықты да, тартымды өтті. Тәжірибелі ұстаз ұыймдастырушылдық қабілеті мен іскерлігін танытты. 

 

 

 

 Сонымен, онкүндіктегі іс-шаралар қорытындалып, белсене қатысқан оқушылар марапатталып, жақсы газеттер аталып, сыныптар мадақталды.

 

 

 

      Бірыңғай Ұлттық Тестке дайындық та өз дәрежесінде жүргізіліп, ұстаздар   аянбай тер төгуде. Осы сыннан оқушыларымыз сүрінбей өтіп, ұстаздар еңбегі  ақталсын.

 

 

Категория: Мектеп дастyрi

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің атқарған жұмысы 2015-2016 оқу жылы

Автор: admin2 от 21-11-2016, 21:54, посмотрело: 1236

0

             Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі мүшелері 2015-2016 оқу жылында Қазақстан  Республикасының  жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  Ғылыми кеңесімен  2015 жылғы 18 маусымдағы  № 4 хаттамасымен  дайындаған  әдістемелік нұсқау хатпен - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісінің  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды. Мұғалімдерге ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылатыны, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру туралы міндетті  жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдірудің  рөлін көрсетіп, оқыту сапасын арттыруға қол жеткізуде  білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажеттігі  мақсат етіліп қойылды.  Осы мақсатқа жету үшін  әр мұғалімнің түйінді жетістікке жетуді  жоспарлауы  маңызды екені айтылды.

            Әдістемелік бірлестік  өз жұмысын гимназияның  «Білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, ұлттық үлгіден – әлемдік білім кеңістігіне шығу» атты әдістемелік ділгірлік тақырыбы  негізінде құрды.   Бірлестік отырыстарында  оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде  гимназияның  өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының  жеке тұлға ретінде дамуына  жағдай туғызу, оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі өзегі  ретінде  тұлғалық  бағдарлы,  гуманды-тұлғалық  педагогика ұстанымдарынқолдану  мәселелері қарастырылды.Пән мұғалімдері  «Оқытудың озық әдіс- тәсілдерін ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жүргізе отырып, шығармашыл, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру» атты проблемалық тақырып  бойынша жұмыс істей отырып, оқушылардың сапалы білім алу, функционалдық сауаттылығын  арттыру мәселелеріне баса назар аударды.   Пән мұғалімдеріне  бірлестік  отырысында  оқу жылының әр тоқсанының қорытындысын талдап,терең анализ жасау арқылы  оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелеріне; оқу сауаттылығын арттыруға:  мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, көркем шығарманы оқытуға  аса көңіл бөлу  мақсатында  іс-шаралар жоспарланып,ұсыныстар берілді. Осы тақырыпта  коучинг өткізіліп, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша   нақты жұмыс түрлері жаңа әдіс тәсілдер  арқылы көрсетіліп, мұғалімдерге  әдістемелік көмек көрсетілді.                                              

 

            

 

Категория: Мектеп дастyрi

 

Кафедра және бірлестіктер

Автор: admin2 от 21-11-2016, 21:19, посмотрело: 393

0

Кафедра және бірлестіктер

 

Категория: Мектеп дастyрi

 
 

2016 жылдың 4 мамырда «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Автор: admin2 от 21-11-2016, 20:54, посмотрело: 730

0

2016 жылдың 4 мамырда  «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

      Семинардың басталуында Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы   тағылымды ойлары мен пікірлерін айтып, кіріспе сөз сөйледі: «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыбындағы Елбасымыздың бағдарламалық мақаласында болашақтағы барлық сала бойынша даму жолымыз айқын бедерленген деп айтуға болады. Мақалада қазақстандық арманға бастайтын басым бағыттарды айқындап қоймай, Бес институциональдық реформаны жүзеге асырудың «жол картасын» ұсынды. Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. 

   Елбасы әлемдік тәжірибені зерделей, саралай келіп, осындай тұжырымға келіп отыр деп ойлаймын.

   Бүгінгі семинарға қатысушыларға табыс тілеймін.

 

 

Категория: Мектеп дастyрi