Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, физика және информатика пәндері кафедрасының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының есебі.
21
ноябрь
2016

Математика, физика және информатика пәндері кафедрасының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының есебі.

 

2015-2016 оқу жылында кафедрада 8- математика пәнінің мұғалімі, 3 – физика пәнінің және 5 – информатика пәндерінің  мұғалімдері еңбек етті.

Пән мұғалімдерінің барлығы талапқа сай, кәсіби шеберліктері шыңдалған, білім дәрежелері жоғары ұстаздар. Кафедра жұмысы құрылған жоспар бойынша жүргізілді. Отырыстары тоқсан сайын өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып, әкімшілік тарапынан қадағаланып отырды.

Мектепішілік бақылау тексерулер, тоқсандық тестік тексерулер жоспарлы түрде жүргізіліп, талданды. «Өрлеу» білім жетілдіру курсынан өткен ұстаздар жиі коучингтер өткізіп, жаңа оқыту технологиясымен тәжірибе бөлісті.

Қазіргі таңда математика пәнінің мұғалімі деңгейлік курстан өтуде. Сонымен қатар ұстаздар оқушыларын әр түрлі дәрежедегі олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленді. Төмендегі мәліметтерді көрсетіп кетейік.

7ә, 8а сыныптарында үштілділікке орай алгебра пәнінен ағылшынша сабақ беретін Қасым Нұрсұлтан 8а сыныбының оқушыларымен әр түрлі телехабарларда сабақ көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

  Сәуір айында өткен семинарда Республика мұғалімдеріне тәжірибелі ұстаздарымыз Тұнғышбаева Гүльназ, Шадиев Қайрат, Нұғыманова Назым ашық сабақ көрсетіп, оқытудың жаңа технологиясын қолданудың әдістерімен бөлісті.

 

Сәуір айында өтілген кафедра онкүндікте кафедра мұғалімдері ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Математика, физика, информатика пәндері кафедрасының 2015-2016 оқу жылындағы 6-16 сәуір аралығында «Жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы матаематика, физика информатика пәндерін оқыту» тақырыбында өткізген онкүндігінің қортындысы.

 

Онкүндікке байланысты мектеп фойесінде газеттер, сканворд, ребустар және кафедраның осы оқу жылында оқушылардың түрлі Республикалық жән Халықаралық олимпиадалар және Ғылыми жоба жарыстарында жеткен жетістіктері жөнінде мәлеметттер ілінді.

Онкүндік ашылуы «МИФ лигасы» футбол сайысы түрінде 6-7 сыныптар арасында өтті (пән мұғалімдері Махамбетова Ғазиза, Сарғалтақова Қарлыгаш, Таирова Анида, Қазез Ертай). Зияткерлік сайысы 3 кезеңде өтті. 6-7 сыныптардан 6 оқушыдан 4 топ қатысты. Кезеңдердегі сұрақтардан дұрыс жауап бере алмаған оқушылар шығып отырды. Ең соңында «Давинчи» тобы жеңіске жетті. Оқушылар номинациялар бойынша марапатталалды. Ұстаздардың Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігі байқалды. Байқожа Баққожа мен Таирова Анида жүргізді. Оқушылар зор қызығушылықпен белсене қатысты.

 

 

         Физика пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Әлия 10-шы сынып оқушылары арасында «Физика – өмір кілті» атты жарыс өткізді. 10 сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, түрлі тәжірибелер көрсетіп, сайысқа түсті сайыс өте қызықты өтті, себебі қойылған сұрақтар өмірмен байланысты және ғылыми тұрғыдан алынған, әрбір кезең оқушынң ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

 

 

    Физика пәнінің мұғалімі Диқамбай Төлеген 7-б сыныбында «Энергия. Денелердің потенциалдық, кинетикалық энергиялары» атты ашық сабақ көрсетті. Мұғалім сабаққа жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалған. Сабақтың құрылымы дұрыс, интерактивті тақтаны еркін меңгерген. Ұстаз жаңа сабақты түсіндіру барысында түрлі тәжірибелер жасай отырып, сабақтың негізгі мазмұнын ашты. Жаңа сабақты  бекіту кезінде түрлі сұрақтар қойылып, есептер шығарылды. Тест алу арқылы қорытыланды, өздеріне білімдерін бағалатты. Оқушылардың белсенділігі жоғары, білімдері жақсы.

 

 Ескерту: Дамыта оқытуға ерекше назар аудару. Оқушылардың ойы, қорытынды пікірлеріне көңіл бөліп, өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру.

 

Алгебра пәнінен 7-в сыныбында Нұғыманова Назым «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Жаңа сабақ жүйелі түрде түсіндірілді. Интерактивті тақтаны орынды пайдаланып, сапбақтың әр кезеңіне сай алға жетелейтін ұран немесе ат қойылып отырды. Оқушылардың белсенділігі жоғары. Деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа сабақ бекітіліп, қорытындыланды. Ұстаздың тәжірибесі мол, ойы ұшқыр екенін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың белсене қатысуы барысында байқалды.

Математика пәнінің мұғалімі Рахманқұлова Гүлайна 8-б сыныбында «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбына ашық сабақ көрсетті.  Өткен сабақтағы теориялық білімдерін бекіту сабақ болды. Деңгейлік тапсырмалар беріп, сын тұрғысымен ойлау әдісін қолданып, интерактивті тақтаны пайдаланып, өте қызықты өткізді. Оқушылар сабақта белсенділік көрсете білді. Тәжірибелі білікті ұстаз екенін жүйелі сабағынан байқатты.

Сонымен қатар, жас мұғалімдер Қазез Ертай, Байқожа Баққожа 5 ә, 8 в сыныптарында ашық сабақтар беріп өз мүмкіндіктерін көрсетті, сабақ құрылымдары дұрыс, ұстаздық шеберліктерін шыңдауға ізденіс үстінде, алға ұмтылыстары бар. Ұстаздардың сабақтарында оқушыларға көп білгізейін , көп үйретейін деген ұстанымдары бар.

 

Интерактивті тақтаны жан – жақты пайдалана біледі, білімдері өте жақсы. Олардың келешекте өз ісінің білгір маманы болатынына кәміл сенеміз.  Әсіресе Қазез Ертайдың былтырғы жылмен салыстырғанда ұстаздық шеберлігін шыңдауда өсу деңгейі байқалды.

 

 

Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімі Дүйсебаева Б. 7 сынып оқушылары арасында математикадан жарыс өткізді. Оқушылар өз бідімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Сайыс өте қызықты өтті.

 

Ең соңғы күні математика пәнінің мұғалімі Бакибаева Нурбакыт Габдышукуровна 8 сыныптар арасында «МИФ әлемінде» атты интелектуалдық жарыс өткізді. Әр сыныптан 6 оқушыдан 4 топ қатысып, сайыс өте ұқызықты өтті. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған оқушылар шығып отырды. Оқушылар номинациялар бойынша марапатталды. Сайыс 1-7 кезеңдерден құралды. Кезеңдерге сұрақ-жауап, эстафеталық жарыс, мақал-мәтелдерді жалғастыру және формулалар жарысы болды. Үй тапсырмасы бойынша әр сынып математикалық қойылым қойды, өте мағыналы, мазмұнды қойылымдар көрсетіліп, оқушылар өздерін жан-жақты, білімді де өнерлі екендерін байқатты. Өте қызықты да, тартымды өтті. Тәжірибелі ұстаз ұыймдастырушылдық қабілеті мен іскерлігін танытты. 

 

 

 

 Сонымен, онкүндіктегі іс-шаралар қорытындалып, белсене қатысқан оқушылар марапатталып, жақсы газеттер аталып, сыныптар мадақталды.

 

 

 

      Бірыңғай Ұлттық Тестке дайындық та өз дәрежесінде жүргізіліп, ұстаздар   аянбай тер төгуде. Осы сыннан оқушыларымыз сүрінбей өтіп, ұстаздар еңбегі  ақталсын.

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: