Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Рахманқұлова Гүлайна Сұлтанғазықызы

 

Рахманқұлова Гүлайна Сұлтанғазықызы


Рахманқұлова Гүлайна №159 гимназияда математика пәнінің мұғалімі болып 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Ұстаз сабақтары оқушыларды өз бетінше іздендіруімен ерекшеленеді. Ол интерактивтік, инновациялық оқыту технологияларын сабақтың нәтижелігі мен оқушы білімінің сапасын арттыруға тиімділігі жағынан талғампаздықпен пайдаланады, қажетінше оларды өз шығармашылығымен түрлендіріп, байытып отырады. Оқытудың мақсаты мен нәтижесінің бірлігіне қол жеткізе біледі. Өз тәжірибесінде дидактикалық тірек материалдарды, көрнекі, техникалық-электрондық әдістемелік оқу құралдарын кең қолданады.


Ұстаздың шәкірттері өздерінің білімдерінің тиянақтылығымен, тереңдігімен сыныптан тыс шараларда, конкурстарда, ғылыми жобалар байқауларында, олимпиадалық жарыстарда табыстарға жетіп отырады.

2009-2010 оқу жылында Есенгелдина Құндыз ″Ғылым әлемін ашамыз″ атты оқушылардың халықаралық конференциясына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2010-2011 оқу жылында Есенгелдина Құндыз математика пәнінен республикалық ғылыми жоба жарысында «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» тақырыбында жұмысын қорғап, І дәрежелі диплом иегері атанды. Рысбаева Қорлан 2010-2011 оқу жылында республикалық ғылыми жобалар жарысында ІІ дәрежелі диплом алды.

Гүлайна Сұлтанғазықызының дарынды шәкірттері Грецияда өткен халықаралық командалық ″Интеллектуалды марафон - 2010 ″ олимпиадада ІІІ дәрежелі диплом жеңіп алды.

Гүлайна Сұлтанғазықызы дайындаған оқушылар аудандық, қалалық деңгейдегі олимпиадаларда да ұдайы жүлдегерлер болып жүр.

2005-2006 оқу жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 5 – 7 сынып оқушыларының математикалық олимпиадасында ІІІ орын алғаны үшін бір топ оқушылары дипломға ие болды. 2008 оқу жылы Алматы қалалық жас таланттар Сарайында өткен матаматикадан командалық олимпиадаға қатысып, он үш оқушысы ІІ жүлделі орынға ие болды. 2006-2007-2008 оқу жылы "Ақ бота" интеллектуалдық марафонда, "Кенгуру" халықаралық математикалық ойын-сайысында жүлделі орындар алғаны үшін Абақ Мағжан, Сейдімбекова Айназым, Мұратқызы Еңлік сияқты оқушылары дипломмен марапатталды.

Рахманқұлова Гүлайна – мектептегі әдістемелік жұмыстарда жеке кәсіби біліктілігін танытқан ұстаз. Оның семинарларда, тренингтерде, дөңгелек стөлдерде көрсеткен мастер кластары үлгі аларлық. 2010 оқу жылы ″Сыртқы аудитті (ҰБТ, МАБ, PISA, TIMSS) өткізу жағдайында математикадан оқушылардың қорытынды аттестациясын жүргізудің мазмұны, әдісі және түрлері″ курсында ″Иррационал теңдеулер және иррационал теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілдері″ атты тақырыпта лекция оқыды. Тәлімгер ретінде өзінің жинақтаған мол тәжірибесін жастарға үйретуде аянбайды.

Ұстаз ата-аналар, оқушылар арасында сыйлы, қадір-қасиеті бар.

Рахманқұлова Гүлайна үнемі біліктілігін арттырып отырады.

2006 ж. 01 ақпаннан 31 наурыз аралығында АҚББЖМБК және КДИ "12-жылдық мектепте 9-сыныпта математиканы оқытуға қойылатын негізгі талаптар", 2006ж 01 қарашадан 15 желтоқсан аралығында АҚББЖМБК және КДИ "Қазіргі технологиямен негізгі мектепте оқушылардың білімін жетілдірудегі талаптар" курсын бітірді. 2007ж 27 шілде"Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық курсын бітіргені үшін" сертификат алды. 2010 ж 5 қаңтардан 9 ақпан аралағында ″Сыртқы аудитті (ҰБТ, МАБ, PISA, TIMSS) өткізу жағдайында математикадан оқушылардың қорытынды аттестациясын жүргізудің мазмұны, әдісі және түрлері″ курсынан, 2010 жылы 13-15 желтоқсанда ″Оқу процесінде интерактивті тақтаны практикада қолдану″ курсынан өтті.

Марапаттары:

-аудандық білім бөлімінің "Құрмет грамотасы" (төртеу);

-олимпиадада шәкірттері жүлделі орын алғаны үшін гимназия директорының алғыс хаты;

-қалалық іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде шығармашылық пен белсенділік көрсеткені үшін, АҚББЖМБК және КДИ-ң грамотасы.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: