» » Тәтібекова Гүлнар Зейнолқызы

 
 
 

Тәтібекова Гүлнар Зейнолқызы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 20:14, посмотрело: 675

0

Тәтібекова Гүлнар Зейнолқызы

Тәтібекова Гүлнар Зейнолқызы

Тәтібекова Г.З. №159 гимназияда 1992 жылдан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Бұған дейін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында ғылыми қызметкер болған.

Мектепте ол өзін жауапкершілікті, білімді де білікті, ізденгіш ұстаз ретінде таныта білді. Ұстаздың өмірлік қағидасы: кәсіптік шеберлікті жетілдіре беру, алға қойған мақсатқа ілгерілеу, яғни үнемі жақсы нәтижелерге, сапалы білімге қол жеткізу, саналы, шығармашыл ойлайтын оқушылар тәрбиелеу.

Мұғалім педагогикалық жұмысын шығармашылықпен атқарады, сабақта мультимедиялық т.б. техникалық құралдар қолдану арқылы оқушыларға орыс тілінен сапалы білім береді. Қатысымдық тілді меңгертуде түрлі жаңашыл әдістер қолданады. Оқушыларды топтарға бөліп, интербелсенді оқытуды жүзеге асырады. Сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда қызықты прблемалық тақырыптарда дебаттар ұйымдастырады.

Ұстаздың оқушылары орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша аудандық және қалалық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленуде (Жауғаштина Айгүл – 11 сынып, Смағұлова Сабина – 10 сынып, Шаңқыбаева Гауһар – 9 сынып т.б.).

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқытуы олардың шығарма жазу бойынша қалалық конкурстарда бірінші және екінші орындарға көрінулеріне мүмкіндік беріп отыр (Батырбекова Әйгерім – 11 сынып, фантастикалық әңгіме; Қойжанова Самал, 9 – сынып «Ешкім де, ештеңе де ұмыт болмақ емес» тақырыбында шығарма; Абай, Мағжан оқуларында көркемдеп, мәнерлеп оқу және т.б.).

Тәтібекова Г.З. үнемі өзінің педагогикалық деңгейін көтеруде көп жұмыс атқарады, ашық сабақтар өткізеді; аудан, қала мұғалімдеріне арнап әдістемелік дәрістер оқиды, басқа мұғалімдердің сабақтарына қатысады т.б.

Тәтібекова Г.З. шығармашыл ұстаз ретінде оқу-әдістемелік құралдардың авторы: Методическое руководство к учебникам «Русская литература» для 10 и 11 класса, учебник «Русская литература для 10 класса», «Методические указания «В мире искусств», мультимедийный учебник для 7 класса. Ол сондай-ақ әдістемелік нұсқаулар мен күнтізбелік жоспарлау бойынша мақалалар жариялаған (журнал «Русский язык и литература в казахской школе» №4,5,6 – 2006 г.,

№4,5 – 2007 г.; журнал «Білім - Образование» 2004, 2005 г.).

Педагогикалық еңбектегі жетістіктері үшін Г.З.Тәтібекова бірнеше рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қалалық білім басқармасының, қалалық педагогикалық біліктілікті арттыру институтының мақтау қағаздарымен марапатталған, ол – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері.



 

шаблоны для dle

Категория: Октушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.