Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Сарсенбаева Әлия Нағашыбайқызы

 

Сарсенбаева Әлия Нағашыбайқызы

Гимназияның физика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Әлия Нағашыбайқызы – өзінің сабақтарын оқушыларды қандай адам болуға оқытамыз, не нәрсеге үйретеміз және қалай оқытуымыз керек деген сұрақтарға жауап баларлықтай етіп құрады. Оның сабақтарында оқушылар ғылым жетістіктерін адамзаттың тек ізгі мақсаттары үшін қолдануға, өз беттерінше шешім қабылдау дағдыларына, өз беттерінше ізденіп білім жинауға үйренеді.

Әлия Нағашыбайқызының баспа беттерінен жарық көрген еңбектері: 2006 жылы 7-сынып физика курсы бойынша «Таблицалар жинағы», 2007 жылы 7-8-9 сыныптар үшін «Тест тапсырмалары», физик ғалымдардың «Портреттер жинағы», 10-сынып бойынша «Таблицалар жинағы», 8-сынып физика курсынан таблицалар жинағы, «Астрономия» пәнінен таблицалар жинағы, 7-8-9-10-сыныптарға арналған үлестірмелі дидактикалық материалдар, 7-8-9-10-11-сыныптар үшін физикадан «Жұмыс дәптерлері», 9-10-сыныптар үшін тестілер жинағы, «12 жылдық мектептерге арналған байқау оқулығы, 8-сынып» кітабының аудармашы және суретпен көркемдеуші авторы болды. Физика пәні бойынша 12 жылдық мектептің 8 сыныбына арналған бағдарламаның авторы. 2009 жылы «Кванттық физика», «Электродинамика», «Оптика», «Механика» бөлімдері бойынша еңбектері оқу құралы жинағына енген.

 

1997 жылы «Физикадан сапалық есептер» атты кітапқа пікір жазды, 2010 жылы «Мектептегі ғылыми жұмыс» атты тақырыпта тілшімен сұхбаты жарық көрді. ИФМ журналында 1998 жылы «Эксперименттік зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру» деген тақырыпта, 2004 жылы «Электр кернеуі», «Физикалық деңгейлік тапсырмалар» деген тақырыптарда мақалалары шыққан.

Әлия Нағашыбайқызының оқушыларының олимпиадалық жетістіктері: соңғы үш жылдың өзінде ғана аудан бойынша 25 оқушысы, қала бойынша тоғыз оқушысы жүлделі орынды иеленді.

Сарсенбаева Әлия Нағашыбайқызының оқытқан оқушылары ҰБТ –те 2004 жылы 75 пайыз, 2005 жылы 85 пайыз, 2006 жылы 100 пайыз, 2007 жылы 100 пайыз, 2008 жылы 88 пайыз, 2009 жылы 100 пайыз, 2010 жылы 92 пайыз, 2011 жылы 100 пайыз білім сапасын көрсетті.

Әдістемелік жұмысы: «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін білім беру, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу үрдісінде тиімді пайдаланып, олардың физика пәніне қызығушылығын арттыру» атты шығармашылық тақырыпта ғылыми-әдістемелік ізденістер жасайды. Ұстаз 2003-2004 оқу жылында қала көлемінде «Электр кернеуі, кернеу бірліктері» деген, 2005 жылы «Негізгі физикалық шамаларды қайталау» тақырыптарда ашық сабақ көрсеткен. «Электромагниттер» тақырыбында, республика көлемінде «Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия», «Жұмыс, қуат, энергия тарауын қорытындылау» деген тақырыптарда ашық сабақтар өткізді. 2006 жылы Алматыда Ресей мемлекетімен тәжірибе алмасудағы кездесуде қала көлемінде: «Физикадан күрделі есептерді шығару жолдары» тақырыбына семинар сабағын өткізді. Алматыда Корея мемлекеті мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесуде «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетті. «Ж.А.Қараев технологиясы» бойынша өткізген сабақтарын мұғалімдер ұжымы жоғары бағалады. 2004 жылы тамыз мәслихатында «Жаңа сабақты түсіндіру әдістемесі» деген тақырыпта, 2005 жылы мектептегі әдістемелік кеңесте «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясын сабақта пайдалану» деген тақырыпта баяндама жасады. 2008 жылы қала көлемінде тамыз мәслихатында: «Мұғалімнің шығармашылық шеберлігі» тақырыбында баяндама жасап, ондағы ойларын бейнефильммен бекітті.

Әлия Нағашыбайқызы өзі жетекшілік ететін сынып оқушыларымен жүйелі түрде жұмыс атқарады, атап айтқанда, «Алматы-әсем Астанам», «Қыршын кеткен қарлығаш», «Қатерлі дертке- берік тосқауыл», «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған!», «Шуағы мен мейірімін сепкен асыл Жан» деген сияқты т.б. тәрбие сағаттары мағыналығымен ерекшеленеді. Ата-аналарына бала тәрбиесіндегі өзекті тақырыптарға баяндама оқып тұрады. «Отбасындағы тәрбие – этномәдени тәрбиенің бастауы», «СПИД-ғасыр індеті», «Ата-ана, ұстаз, тәрбиеші» тақырыбындағы баяндамалары ата-аналар көңілінен шықты.

Әлия Нағашыбайқызы Алматы қаласындағы жаңа технологиялар орталығында эксперттік топтың мүшесі және ҰБТ-дағы апелляциялық комиссияның мүшесі. Ол – оқушыларға сыйлы, ата-аналарына беделді, ұстаздық тұлғасы тұнған өнеге.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: