Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Асанбекова Гүлмира Сағатқызы

Асанбекова Гүлмира Сағатқызы туралы педагогикалық очерк

«Өнегелі ұстаз, қоғамшыл азамат»

№159 гимназияда әр сабағында инновациялық, интерактивтік оқытуды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен іскерлік деңгейін, ізгілікті тұлғалық қасиеттерін үнемі арттыру бағытында үлкен шығармашылықпен, тынымсыз ізденімпаздықпен жұмыс істейтінін нәтижелі көрсете алатын ұстаздар қатарында тарих және құқықтану пәндері маманы Асанбекова Гүлмира Сағатқызының орны ерекше.

Г.С.Асанбекова Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда 1995 жылдан бері еңбек етеді. Бұған дейін Талдықорған қаласындағы №18 қазақ орта мектебінде педагогикалық өмірбаянын бастаған жас ұстаздың шәкірттері 1989-1995 жылдарда облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда және өлектану слетінде жүлделі орындар иеленсе, өзі облыс мұғалімдері үшін үлгі сабақтар көрсетіп, ғылыми-практикалық конференцияда табысты баяндама жасап, едәуір іс-тәжірибе жинақтаған еді.

Асанбекова Гүлмира Сағатқызы – жаңа технологияны сабақта тиімді қолдануда тынбай ізденіп жүрген ұстаз. Өзі де жаңа технология элементтерін ойлап тауып, өзі жазған әдістемелік құралдар мен сабақтарда қолданады. Мысалы, «XXI ғасырдың жаңа оқу технологиялары» атты халықаралық конференцияда «Нәтижелі білім беру мен жаңа технология элементтерін тиімді қолдану» атты баяндамасында бұл кең орын алды. Жаңашыл, танымал педагогтардың еңбектері мен тәжірибелерімен таныса отырып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын игерді.Ұстаздың оқу кабинеті кішігірім зертхана сияқты десе де болады, қазіргі талапқа сай сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушы танымын, білімін арттыратын дидактикалық құралдармен жабдықталған.

Гүлмира Сағатқызының оқушылары ҰБТ-дан жоғары сапалық көрсеткішке қол жеткізіп келеді.2009-2010 оқу жылында Қазақстан тарихынан ҰБТ-да ұстаздың 11 а, 11 ә, 11 б сынып оқушылары 100 % білім сапасын көрсетті.

Ол жас ұстаздарға тәлімгер ретінде сабақ берудің жаңа технологияларын үйретіп, атап айтқанда: домино, индекс, алфавит, көрме, көрініс, рейтинг, аукцион сияқты сабақтың түрлері мен мониторингтің түрлерінің өткізу тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасып отырады.

1995-1997 жылдары құқық пәнінен 7-8 сыныптарда факультатив сабақтарының авторлық бағдарламаларын жасады. Ал 1996 жылы ұстаз құқықтану бойынша авторлық бағдарламаларын жазып, әріптестерінің талқысына ұсынды. 1998-2006 жылдар арасында грант ұтып алушылардың бірі ретінде «Street Law - Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің мектеп бағдарламаларын үйлестірушісі болды.

Төмендегідей жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендер авторлардың бірі болып өз үлесін қосты:

1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының қоғамдық пәндер зертханасында дайындалған 9-сыныпқа арналған «Адам.Қоғам.Құқық.» пәнінің жаңа буын оқулықтарының, оның дидактикалық, әдістемелік құралдары мен хрестоматиясының авторларының бірі болып енді.

2000 жылы шыққан Білім академиясы мен Білім министрлігі бекіткен «Құқықтану негіздері» мен «Қоғамдық ғылымдар негіздері» бағдарламаларының авторларының бірі болды.

«Баршаға арналған адам құқығы» оқушы мен мұғалімге арналған құрал.1998-2002жж.

«Баршаға арналған демократия» оқушы мен мұғалімге арналған құрал-2002ж.

«Конституция - баршаға» оқушыға арналған құрал-1999ж.

«Методическое пособие для тренера по программе «Street Law» - 2000ж «Права человека для всех» электронды нұсқасы-2000ж. «Интерактивные методы обучения» құралы-2005ж. «Твои права-твое богатство» оқу құралы-2006 ж. «Баршаға арналған адам құқығы» электронды окулығы-1999ж.

«Адам және қоғам» электронды оқулығы-2002ж. «Адам.Қоғам.Құқық» бағдарламасы-2003ж «Адам.Қоғам.Құқық» оқулығы-2003ж. «Сенің құқығың-сенің байлығың» оқу кұралы.

2004 - 2005 жылдары 12-жылдық білім беру тұжырымдамасы мен бағдарламасын жазуға қатысып, 9-10 сыныптарға арналған «Қоғамдық білім беру» деп аталатын курсқа авторлардың бірі болып бекітілді.

«Орта ғасырлар тарихы» бойынша әдістемелік құрал -2006 ж.

«Орта ғасырлар тарихы» бойынша жұмыс дәптері-2006ж.

«Мемлекет және кұқық негіздері» оқушының жұмыс дәптері- 2007ж.

«Қазақстан тарихы 6-9 сыныптар» Анықтамалық-көмекші кұрал-2009ж.

«Дүние жүзі тарихы» 6-9 сыныптар (оқушылар мен талапкерлерге арналған анықтамалық-көмекші құрал), 2010 ж.

«Ежелгі дүние тарихы» 6 сыныпқа арналған баламалы оқулық- 2011ж.

«Ежелгі дүние тарихы» Оқушының жұмыс дәптері- 2011 ж.

«Қоғамдық білім негіздері» 9-сынып бағдарлама, 2010 ж.

«Құқық негіздері» жаратылыстану-математикалық бағыт, 10 сынып бағдарлама, 2010 ж.

«Құқық негіздері» қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 10-11 сынып, бағдарлама, 2010 ж.

2001 жылдан бастап, Республикалық білімді ақпараттандыру орталығында шыққан 11-сыныптарға арналған «Адам және қоғам» оқулығының электронды нұсқасын жасаушы - авторлардың бірі (СD) болды.

Асанбекованың шығармашылық тәжірибесі аудан, қала, облыс, республика көлеміне танымал. Ол мектеп мұғалімдері үшін, қалалық, республикалық мұғалімдер білімін көтеру және қайта даярлау институттарының курс тыңдаушылары үшін, азаматтану және азаматтық білім беру салаларынан ұйымдастырылған қалалық, республикалық және халықаралық семинарлар үшін жиі ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар жүргізіп келеді.

1997-2003 жылдар аралығында республикалық, облыстық және қалалық педагог мамандардың білімін көтеру мен қайта даярлау институттарының курс тыңдаушыларына 30-дан астам сабақтар көрсетіп, ұстаздар алғысына бөленді. 2001 жылы мамыр айында өткен қалалық білім беру департаментінің ұйымдастыруымен әдістемелік шығармашылық есеп беріп, «Ақпарат алу құқығы» атты рейтинг-сабақ көрсетіп, қалалық ұстаздардың талқысына салды. 2002-2003 жылдарда Республикалық білім жетілдіру институтының тыңдаушыларына (директорлар мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлері) ашық сабақтар көрсетті. 2004 жылы аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген дарынды балалармен кездесуде дебат технологиясымен ашық сабақ өткізді. Республикалық педагог мамандардың үздіксіз білімін жетілдіру институтының тыңдаушыларына бірнеше рет лекциялар оқып, ашық сабақтар көрсетті. 2003 жылы сәуір -мамыр айларында мұғалімнің (15-тей) сабағына Қазақтың Білім Академиясының қоғамдық пәндер зертханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы Тотай Тәжиұлы Тұрлығұл қатысып, ұстаздың сабақтарына жоғары баға берді. 2004-2005 оқу жылында ғана 7 рет ашық сабақ көрсетті. Интерактивті тақтада бірнеше рет республика, қала көлемінде ашық сабақтар көрсетіп жоғары баға алды.

Өз білімін шыңдау мен көтеру мақсатында 100-ден астам әдістемелік семинар -тренингтерге қатысып, өзі 50-ге жуық семинар - тренингтерді облыс орталықтарында ұйымдастырды. Ұстаз атына жазылған алғыс хаттар мен баспасөз материалдары соның айғағы.

1998 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының байқауына қатысып, азаматтану бойынша дайындаған жобалары мен ұтқыр ойлары бағаланып, сәуір айында халықаралық «Street Law» бағдарламасының Будапеште (Венгрия) өткен семинар-конференциясына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Адам құқығы мен демократия негіздерін орта мектепте оқытудың әдістері бойынша өткен төменде көрсетілген Халықаралық семинар-конференциялар мен тренингтердің қатысушысы әрі жеңімпазы: Венгрия (Будапешт)-1998 жылы, Чехия (Прага)-1998 жылы «Чемпион» сертификатымен марапатталды, Ресей (Санкт-Петербург)-1999 жылы, Өзбекстан (Ташкент)-1999 жылы, Польша (Варшава)-2000 жылы, Қырғызстан (Бишкек)-2000 жылы, Түрікменстан (Ашхабад)-2001 жылы, Қырғызстан (Ыстықкөл)-2002 жылы, Қазақстан (Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Тараз)-2000-2006 жылдары.1998 жылы желтоқсанда өткен Прагадағы (Чехия) халықаралық әдістемелік конференцияға қатысып, мазмұнды сабақтар көрсеткені үшін «Чемпион» сертификатымен марапатталды.

1999 жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында өткен азаматтану мен құқықтанудан сабақ беретін ұстаздар мен зерттеуші ғалымдар арасында өткен семинарға қатысып қайтты. Осы жылы Өзбекстанда (1999ж) семинар - тренингке қатысушы болып, белсенді оқыту әдістері туралы өз ойларын ортаға салды.

2000 жылы Варшавада (Польша) өткен халықаралық «Street Law» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған конференцияның секция жұмысын орыс тілінде жүргізіп, сертификат алды.

2000 жылы Бішкек (Қырғызстан) қаласында өткен халықаралық«Street Law» бағдарламасы бойынша семинар - тренингке қатысып, секция жұмысын жүргізіп, «Даралықты сақтау құқығы» мен «Өмір сүру құқығы» атты ашық сабақтар көрсетті. Мазмұнды әдістемелік сабағы үшін осы бағдарламаның құрметті значогымен марапатталды. 2001, 2002, 2003 жылдары Түрікменстан, Қырғызстан және Қазақстан бойынша өткен халықаралық семинар-тренингтерге қатысты.

2000 жылы Семей, Алматы, Астана Көкшетау, Орал; Талдықорған, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Ақтау қалаларында өткен семинар -тренингтерде ашық сабақтар көрсетті. 2001 жылы Павлодар, Ақтөбе, Орал, Атырау, Петропавл, Шымкент қалаларында, 2002 жылы Алматы, Астана, халықаралық Ашхабад (Түркменстан), Өскемен қалаларында, 2003 жылы Талдықорған, Алматы, Тараз қалаларында, 2004 жылы Семей, Алматы, Талдықорған қалаларында өткен азаматтану мен кұқық негіздерін оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолдану бойынша семинар -тренингтерге қатысып, өзі бірнеше ашық сабақтар көрсетіп, жаттықтырушы (тренер) болды.

2001 жылы Павлодарда өткен «Алтын тіл» республикалық ғылыми - теориялық конференцияға қатысты.

2005 жылы қазан айында Астана қаласында өткен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» ұйымдастырған «Білім сапасын бағалау: жайы, проблемалары, одан әрі жетілдіру жолдары» атты семинар мәжіліске қатысты.

2005 жылы сәуір айында ЕҚЫҰ-ның (ОБСЕ) қаржылай көмегімен Шымкент қаласында өткен «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.

2005 жылы мамырда айында ЕҚЫҰ-ның қаржылай көмегімен Атырау қаласында өткен «Орта мектептерде адам кұқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.

2005 жылы «National Endowment for Democracy» (АҚШ) ұйымдастырған Алматыда өткен «Интерактивные методы обучения правам человека и демократии» атты семинар-тренингке қатысты.

2006 жылы 21 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты өткізген арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының, қоғамдық пәндер кабинеті «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында қоғамдық пәндерді оқытудың ерекшеліктері және әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдары» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің семинар-практикумына қатысты.

2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12-15 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Основные подходы к разработке предметных стандартов и учебных программ в условиях реализации компетентностного подхода в образовании» атты республикалық семинарға қатысты. Осы жылы Елбасының халыққа жолдауына арналған КИСИ (Казахстанский институт стратегических исследовании) мен Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысып сөз сөйледі.

2006 жылы Қазақстандағы Еуропалық комиссия өкілдігі мен OO «Совет женщин-юристов», ОО «Street Law - Қазақстан» ұйымдастырып өткізген екі күндік «Твои права-твое богатство» атты семинарға қатысып, сертификат алды.

2006 жылы 9-10 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.

2007 жылы 25-29 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.

2007 жылы сәуір айында АҚШ елшілігінің қаржылай көмегімен Талдықорған қаласында өткен «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты мұғалімдерге арналған семинарға қатысты.

2007 жылы 5-10 қараша күндері Алматыда өткен Қазақстан Республикасының жаңашыл мұғалімдеріне арналған «Місrоsoft» мектебін өткізу республикалық семинарына қатысып, «УСТ» жобасы бойынша ІІІ-орынды алды. 2008 жылы 15-16 мамыр аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтпен бірігіп өткізген «Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру- республиканың жалпы білім беретін мектептерінде тарих пәнін оқытудың сапасын арттырудың шарты» атты республикалық семинарға қатысып, ашық сабақ (интерактивті тақтамен) көрсетіп, семинарға қатысушыларға шығармашылық есеп берді.

Асанбекова Гүлмира Сағатқызы білім берудегі іскерлігін шәкірттерінің білім сайысындағы қалалық, республикалық пән олимпиадаларының жүлдегерлері болуы дәлелдейді. Оқушылардың жетістіктері:

• 1992 жылы-Шалбаева Назым-республикалық өлкетану слеті-ІІ жүлделі орын.

• 1993 жылы- қалалық, республикалық пән олимпиадасы- IIжәне IIIорын.

• 1999 жылы-республикалық пән олимпиадасы-Мұқтаров Тимур- IIIорын.

• 2000 жылы- қалалық пән олимпиадасы- Қаппаров Қасымхан- II орын.

• 2000 жылы-республикалық пән олимпиадасы-Құсайынов Е-ІІІ орын.

• 2001 жылы қалалық ғылыми жоба жарысы- Әбдіров М- II орын.

• 2002 жылы қалалық пән олимпиадасы- Айна А- IIорын.

• 2003 жылы-қалалық пән олимпиадасы құқықтанудан- Жарасбаев А-ІІ орын

• 2003 жылы -қалалық пән олимпиадасы құқықтанудан- Салимбаева А-ІІІ орын.

• 2004 жылы- қалалық пән олимпиадасы- Нүкежанов Р- III орын

• 2007 жылы- Республикалық жалпы тарихтан байқау «Мегашанс-2007»-Егизбаев Қ-І орын.

• 2008 жылы- қалалық пән олимпиадасы- Қыжырова Ж- III орын.

• 2009 жылы-қалалық пән олимпиадасы- Данияров С-І орын. Вечерний Алматы» газетінде «О правовом жанре» деп аталатын мақалаға шықты.

• 2009 жылы- қалалық пән олимпиадасы құқықтанудан- Нұрқасымова А-І орын.

• 2010 жылы- республикалық пән олимпиадасы-Нұрқасымова А-І орын.

• 2010 жылы- қалалық ғылыми жоба жарысы- Сейдуманова С-ІІІ орын.

• 2011 жылы - республикалық ғылыми жоба жарысы-Сейдуманова С-ІІ орын.

• 2011 жылы- Грекия (Кипр) халықаралық дүние жүзі тарихтан ғылыми жоба жарысы-Сейдуманова С-ІІ орын.

• 2011 жылы-қалалық құқықтанудан пән олимпиадасы- Сырғалбай А-І орын.

• 2011 жылы - Грекия (Кипр) халықаралық ғылыми жоба жарысы-Сырғалбай А-І орын.


Ұстаздың газет-журнал беттеріне шыққан мақалалары:

«Қазақстан жоғары мектебі» журналы, 1/2009, «Интерактивті әдістерді қолданудың ерекшелігі мен тиімділігі» атты мақаласы 38-бетте жарияланды.

«Учитель Казахстана» газеті, Доверие которое обязывает, №4-6, 2008 жыл.

«Республика ұстаздары» газеті, 2005 жыл, «Адам құқықтары жөніндегі білім сайысы» атты мақаласы жарияланды.

«Республика ұстаздары» газеті, 2007 жыл, №7-8 «Басты мақсат- ұстаздар біліктілігін арттыру».

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы «Ізденіс/ Поиск», №1/2009, «Интерактивное обучение для преподавания дисциплины «Правоведение» атты мақаласы 288-бетте шықты.

Өскемен қаласында өткен 2009 жылы «Инновациялық экономиканы құрудағы жоғарғы оқу орындарының рөлі» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «Как подавать лекционный материал интерактивно?» және «Игра как средство интерактивного обучения» атты мақалалары Конференция материалдарының 119-121 беттерінде жарияланды.

«Ұлт тағылымы» атты журналға №1/2009 жылы «Методы обучения через участие и взаимодействие» және «Интерактивное обучение- что это такое?» атты мақалалары 183-

185 беттерге шықты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Академик Т.С.Садықов және оның Қазақстан білімінің дамуындағы атқарған рөлі» қалалық ғылыми-теориялық конференция материалдарына «Орта мектептерде тарих пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері» атты мақаласы 77 - бетте 22 сәуір 2011 жылы жарияланды.

Қазіргі мұғалімнің өз кәсіби біліктілігін арттырудағы бейнесін Г. Асанбекованың сертификаттары үлгі ретінде елестете алады. Осы орайдан ұстаздың сертификаттарын толық көрсету орынды болмақ:

1997 жыл- «Семинар по гражданскому образованию» сертификаты.

1998 жыл- Прага (Чехия)- «Street Law» бағдарламасы бойынша өткен семинар-тренингке қатысушы және «Чемпион» сертификатымен марапатталды.

1998 жыл- Будапешт (Венгрия) «Street Law» бағдарламасы бойынша өткен семинар-тренигке қатысушы.

1998 жыл- «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған адам құқықтарын оқытудың әдіс-тәсілдері атты семинар-тренигке қатысушы.

2000 жыл- Қырғызстан (Ыстық көл)- «Открытое общество» иснтитуты және «Street Law»бағдарламасы ұйымдастырған семинар- тренингке қатысушы.

2000 жыл- Варшава (Польша) «Street Law Clinic Соnference» семинар-тренингке қатысушы.

2001 жыл- «Евразия» қорының қолдауымен өткен Павлодар қаласындағы мұғалімдерге арналған семинар- тренингке қатысушы.

2002 жыл - «АВА/СЕЕLІ» және «USAID» қолдауымен өткен Орта Азия елдері қатысқан «Street Law» бағдарламасы бойынша өткен семинар-трениyгке қатысушы.

2002-жылӨзбекстан (Ташкент)- «Street Law Seminar for Improved Staff Development»сертификаты.

2002 жыл-Ашгабат (Түркменстан)- «Право для всех» атты семинарға қатысушы.

2004 жыл- ҚР Мемлекеттік және жергілікті басқару институты ұйымдастырған «Этика және мемлекеттік қызметішінің кәсіби келбетін қалыптастыру» атты курсқа қатысушы.

2005 жыл- АҚШ-тың «National Endowment for Democracy» ұйымы ұйымдастырған «Интерактивные методы обучения правам человека и демократии» атты Алматыда өткен семинар-тренингке қатысушы.

2005 жыл- ЕҚЫҰ-ның қаржылай көмегімен ұйымдастырылған «Street Law» бағдарламасы бойынша тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты Шымкентте өткен семинар-тренингке қатысушы.

2005 жыл- Қазақстан Республикасының Әділет органдары мемлекеттік және өзге ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Актуальные вопросы действующего законодательства Республики Казахстан: правовые и педагогические аспекты» атты курсқа қатысушы.

2005 жыл- ЕҚЫҰ қолдауымен өткен «Street Law» бағдарламасы бойынша тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты Атырауда өткен семинар-тренингке қатысушы.

2006 жыл- «European Union» қолдауымен өткен «Сенің құқығың- сенің байлығың» атты семинар-тренингке қатысушы.

2006 жыл- Представительство Европейской комиссии в Казахстане ОО «Совет женщин-юристов», ОО «Street Law – Казахстан» ұйымдастырған «Твои права - твое богатство» атты семинар -тренингке қатысушы.

2006 жыл- АҚПІ елшілігінің қолдауымен өткен «Street Law» бағдарламасы бойынша тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты Алматыда өткен семинар-тренингке қатысушы.

2007 жыл- АҚШ елшілігі қолдауымен өткен «Street Law» бағдарламасы бойынша тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты Талдықорған қаласында өткен семинар- тренингке қатысушы.

2007 жыл- «Street Law» бағдарламасы бойынша тарих және құқық пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орта мектептерде адам құқықтары мен демократияны оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты Алматыда өткен семинар- тренингке қатысушы.

2007 жыл- «Школы Місrosoft -2007» тренингіне қатысушы жәнеIII орын иегері.

2009 жыл- Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогтерінің «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысушы сертификаты.

Аудандық тарих пәні олимпиадасына көптен бері әділқазы мүшесі болып төрелік етіп келеді.

2004, 2005 жылдары «Сайлау жүйелерінің халықаралық қорының» ұйымдастырған «Азаматтық білім беру» бойынша өткен республикалық турнирдің тұрақты әділқазы алқасының мүшесі болды.

2004 жылы, мамыр айында өткен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі Поляков мырзамен болған кездесуге 11 сынып оқушылары: Д. Ченсізбаева мен А. Әмреқұловты теориялық түрде дайындап, өзі сол кездесуге апарып, оларды сөйлетті. Өкіл тарапынан апарған оқушыларының сөйлеген сөздері жоғары бағаланды. Кездесу материалы кейін «Қазақстан мұғалімі» газетіне басылды.

2005 жылы 13 қаңтарда Астана қаласында Білім және ғылым министрі Бірғаным Сарықызы Әйтімованың қабылдауында болды. Республиканың жаңашыл ұстаздарымен сұхбат өтті. Ол өз ойын ортаға салды.

2005 жылы 30 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысқан республика ұстаздарын мұғалімдер күнімен құттықтаудың салтанатты кешіне құрметті қонақ болып қатысты.

2005 жылдан бері Асанбекова Гүлмира Сағатқызы республикалық, педагогикалық, әдістемелік «Жалпы тарих және құқықтану мектепте» атты қазақ және орыс тілінде шығатын журналдың бас редактордың орынбасары болып, шығармашылық қызметін ұстаздықпен қатар атқарып келеді.

Бірнеше рет республика, қала көлемінде авторлық курстар өткізудің тұрақты авторларының бірі.

Марапаттары:

Жаңашыл педагог - Гүлмира Сағатқызының білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі бағаланып, 1998 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

2000 жылы қараша айында өткен І-Республикалық педагогикалық оқуда «Интерактивті әдістердің құқық пәнін оқытуда тиімділігі мен ерекшеліктері» атты баяндамасы үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2005 жылы Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері атанды.

2006 жылы Қазақ білім академиясының «Жаңашыл педагог» значогының иегері болды.

2006 жылы Медеу аудандық білім бөлімінің шығармашылығы мен оқушылары ғылыми жоба жарысында жүлделі орын алғаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2007, 2008жылы Гүлмира Сағатқызы Асанбекова АҚББЖМБК-ның «За успехи в обучении и воспитании учащихся, за добросовестный и творческий труд в системе образования г.Алматы» мадақтамасымен марапатталды.

2008, 2009 жылы аудандық білім бөлімінің «Аудандық олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін» атты Құрмет грамоталарымен марапатталды.

2009 жылы ұстаз қараша айында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізген республикалық «Ең үздік авторлық бағдарлама» жарысына қатысып, ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2009 жыл - «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін диплом алды.

2009 жыл - оқушылары ғылыми жоба жарысында жүлделі орын алғаны үшін «Құрмет грамотасы».

Г.С.Асанбекованың ұстаздық жетістіктері қазіргі қазақстандық мұғалім моделіне тән болуға тиісті сипаттардың іс жүзіндегі нақты көрінісі болып табылады. Гүлмира Сағатқызы бұл көрсеткіштерге жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында, гимназиядағы жалпыға бірдей әдістемелік ортада қол жеткізді. Шығармашылық және жаңашылдық ізденіс – гимназияда әрбір ұстаз үшін әдістемелік өмір нормасы болып қалыптасқан. Мұнда ешқашан және ешкім үшін өзгелерден артықшылық ахуалдың орын алуы жат, барлық педагогқа бірыңғай әкімшілік-ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі, бәріне бірдей жағдай жасалады. Өзгешелік әр ұстаздың өзінің жеке талаптануы мен қабілетіне қарай оларды меңгеріп, тиімді пайдаланып, нәтижеге жеткенде барып пайда болады. Г.С.Асанбаеваның шығармашылық нәтижелеріне осы тұрғыдан баға беріледі. Олар - №159 гимназияның да даму көрсеткіші, олар - №159 гимназияның интеллектуалдық әлемде танылуының айқын бір көрінісі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

21 февраль 2013 Доска почета