Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна

Автор: admin2 от 16-03-2014, 16:41, посмотрело: 1145

0

Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна

 

Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна

 

Абдрахманова Махаббат Махматиллаевна – мектептің бастауыш мұғалімі ретінде үлкен шығармашылық жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Осы ұжымға келген уақыттан бері өзінің ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен, өз мамандығын шынайы сүйетіндігімен көзге түсті. «Дамыта оқыту технологиясы мен әдістерін сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты проблемамен жұмыс жасап, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында еңбек етіп келеді. 2005-2006 оқу жылынан бастап бастауыш сынып пән бірлестігі жанынан құрылған шығармашылықпен жұмыс жүргізетін топтың мүшесі, жас мұғалімдерге дамыта оқытудың әдіс, тәсілдерін үйрете отырып, бірнеше дүркін ашық сабақтар өткізді. Қала, аудан, республика көлемінде математика, қазақ тілі, әліппе пәндері бойынша ашық сабақтар мен «Әдептілік – әдемілік», «Өнерлі өрге жүзеді», «Наурыз – жыл басы» сияқты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын көрсетті, озық іс-тәжірибесі таратылды. Бұл сабақтары рухани адамгершілік мәнділігімен, шығармашылық ізденімпаздығымен, техникалық құралдарды, интерактивтік тақтаны тиімді пайдалана білуімен ерекшеленді, жоғары бағаланып отырды. Ұстаздың оқу кабинеті қазіргі талапқа сай жабдықталған.

 

2007-2010 оқу жылында қалалық бастауыш сыныптарының қазақ тілі мен математика пәндерін тексеру қорытындысы бойынша оқушылар математикадан 90%, қазақ тілінен – 92% сапа көрсетті. 2007-2008 оқу жылында МАБ нәтижесінде 98% сапалы көрсеткіш көрсетті. Ұстаз оқушыларының білім сапасы өте жоғары. Оған дәлел: 6 оқушы – «Ақбота», «Кенгуру» халықаралық интеллектуалдық марафонында 1, 2, 3 орындарға ие болып, сертификатпен марапатталды. Каратэ, таэквондо спорттық жарысынан 2 оқушы – 1, 2-орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектеп ішінде өткізілген «Қазақстан – мақтанышым» тақырыбында шығарма жазудан 3 оқушы – 1, 2 орынға иеленді. Мәнерлеп оқудан 2 оқушы – 1 орын алды. «Жас өркен», «Айгөлек» басылымдарында балалардың шығармашылық жұмыстары жарық көрді. Сыныптағы оқушылардың барлығы да жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, спортқа, домбыраға, биге үнемі белсенді қатысады. Газет-журналдарға («Балдырған», «Ерке», «Ұлан», «Айгөлек») сынып оқушылары толық жазылады.

Махаббат Махматиллақызының осы еңбектері бағаланып, аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясының, аудандық Білім беру департаментінің Мақтау қағаздарымен, №159 гимназияның Мақтау қағазымен марапатталды. Махаббат Махматиллақызы – оқушылары мен ата-аналарының, әріптестерінің арасында беделді ұстаз.

 

шаблоны для dle

Категория: Октушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.