Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8727) 293-90-80
(8727) 293-90-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Әбдірахманова Гүлмира Әнуарбекқызы

 

Әбдірахманова Гүлмира Әнуарбекқызы


Әбдірахманова Гүлмира Әнуарбекқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Гүлмира Әнуарбекқызы сабақтарында аудио-визуалдық құралдар арқылы ағылшын тілін жанды сипатта үйретуге күш салады. Тілдік ортаны имитациялау әдісін қолдану жолымен оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін ұйымдастырып отырады. Оқушылар өзара диалог құрып, іскерлік ойындарға, пікірталас-дебаттарға қатысып, шет тілін белсенді үйренуге жұмылдырылады. Мұғалім тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым сияқты сөйлеу әрекеттерін жекелей де, өзара үйлестіріп те, кешенді түрде де қолдана біледі. Ол –мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда өз үлесін қосып келе жатқан ізденімпаз ұстаз.


Г.Ә.Әбдірахманованың ұстаздық бейнесінің толымдылығын шәкірттерінің жыл сайынғы жетістіктері арттыра түсуде.

2007-2008 оқу жылында «Inter Press company» ұйымдастыруымен өткізілген қалалық олимпиадада өтіп, 8 «а» сынып оқушысы Нұрбекова Әлия ІІІ орынды иеленіп, бір айлық оқуға жолдама алды. 8«Ә» сынып бойынша Дүсетова Гаухар, Жақыпбекова Құндыз, Тохтарханов Диас, Ізбасарұлы Нұр, Дәуренбеков Олжас сынды оқушылар олимпиадаға қатысып, сертификатпен марапатталды.

2008-2009 оқу жылында 8 «А» сынып оқушысы Сүгіралиев Санжар аудандық олимпиададан І орынды иеленсе, 9 «А» сынып оқушысы Нұрбекова Әлия ІІІ орынды, 8 «Ә» сынып оқушысы Шайзын Құрманғазы ІІ орынды иеленді.

2009-2010 оқу жылында 9 «Ә» сынып оқушысы Сүгіралиев Санжар ІІІ орынды, 10 «А» сынып оқушысы Нұрбекова Әлия І орынды, қалалық олимпиададан І орынды, Қызылорда қаласында өткен Республикалық олимпиададан ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

2010-2011 оқу жылында қалалық пән олимпиадасында 9 «А» сынып оқушысы Тұрғамбек Айжан ІІ орынды иеленді.

2007-2008, 2008-2009 оқу жылдарында Әбдірахманова Гүлмира аудандық Білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Әбдірахманова Гүлмира Әнуарбекқызы – кәсіби мәдениеті жоғары ұстаз. Ол өзінің пәндік, педагогикалық және психологиялық білімін үнемі жетілдіріп, тиісті курстардан өтіп отырады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: