Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы
Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы
Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы №159 гимназияда 2007 жылдан бастап орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Бұған дейін Шымкент қаласындағы №55 орта мектебінде орыс сыныптарында осы пән бойынша cабақ берген.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың шығарма жазу бойынша қалалық конкурстарда, гимназия газетінің беттерінде, Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасындағы мәдени-іс шараларында көрінулеріне мүмкіндік жасап отыр. Ұстаз Бегалин атындағы кітапханамен тікелей байланыс жұмыстарын жүргізеді. Кітапханада ұстаздың жетекшілігімен шәкірттері «Страна, объединившая народы» атты әдеби-музыкалық композициясын Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап көрсетті. Жыл сайын Тілдер мерекесіне арналған апталықтарға оқушыларын белсенді қатыстырып отырады.
Құдайқұлова Назым Абжаппарқызы үнемі өзінің педагогикалық деңгейін көтеруде көп жұмыс атқарады; аудандық, қалалық семинарларда биік деңгейде ашық сабақтар өткізеді. 2010 жылы 8-сыныпта «Причастие» тақырыбында, 6- сыныпта «Лексика» тақарыбында Медеу ауданының мектеп директорларының семинарында үлгі сабақтар ұсынды. Ұстаздың лингвистикалық, интеллектуалдық ойындары сабақ тиімділігін арттырды.
Пән онкүндіктерінде оқушыларымен сахналық көріністер ұйымдастырып отырады. А.С. Пушкиннің «Моцарт и Сольери» трагедиясынан үзінді сахналанды. 7-сынып оқушысы Әбдисағин Рахат Би Моцарттың рөлінде тамаша ойнап шықты. Ол фортопьянода Моцарттың реквиемін және өзі шығарған «Реквиум» атты (Подражание Моцарту) музыкалық пьесасын орындап берді..
«Русский язык и литература в казахской школе», «Валеология», «Жас өркен» журналдары мен газеттерде мақалалары шыққан.
2008, 2010 жылдары «Шығармашылығы және оқушылары аудандық олимпиадада жүлделі орын алғаны үшін» Медеу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.