» » Көпекбай Әлия Мәсімбайқызы

 
 
 

Көпекбай Әлия Мәсімбайқызы

Автор: admin2 от 15-03-2014, 20:49, посмотрело: 2108

0

Көпекбай Әлия Мәсімбайқызы

 

Көпекбай Әлия Мәсімбайқызы

Көпекбай Әия Мәсімбайқызы 1991 жылы №159 мектеп ашылғанда, алғашқылардың бірі болып, Аягүл Төреқызы Миразова басқарған ұжымға тарих және қоғамдық білім негіздері пәндері мұғалімі ретінде қосылды.

Міне, биыл 20 жыл толып отырған осы мектеп-гимназияның ыстық-суығын бірге көтеріп келеді. 1990 жылдардың бас кезінде тәуелсіздікке қол жеткізіп, енді алға қарай қадам басып келе жатқан еліміздің болашақ азаматтарына білім беріп, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ел тарихының өшпес беттерін елім деген шәкірттерінің бойына сіңіре білді.

Көпекбай Ә.М. өз білімін жан-жақты дамытып, шығармашылдықпен жұмыс істейді. «Дәстүрлі емес сабақ түрлері», «Тарих сабағында оқушылардың жас ерекшілігіне қарай оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдары» тақырыптарында ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Оқушыларының тарихқа деген қызығушылығын арттырып, өз Отанын сүйіп, құрметтеп, елінің лайықты азаматы болуға тәрбиелеуде.

Көпекбай Ә.М.-ның шәкірттері пәндік олимпиадаға ғылыми жобаларға қатысып жүлдері орындардан көрінуде. 1992-1996 жылдар аралығында Қазақстан тарихы пәнінен аудандық, қалалық олимпиадаларда қатыстырған оқушылары жүлделі I-III орындарды иеленіп отырды. Ал 1997 жылы Қазақстан тарихы бойынша алғаш өткізілген республикалық пәндік олимпиадада 10 сыныптағы дайындаған оқушысы жүлделі I орынды иеленіп дипломмен марапатталды. 1998 жылы республикалық пәндік олимпиадада 11 сыныптағы оқушысы III орынды иеленді. 2004 жылы да Қазақстан тарихынан дайындаған 10 сыныпта оқитын шәкірті Республикалық олимпиада жарысында I орынды иеленіп ұстазының еңбегін ақтады. 2009 және 2011жылы Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындаған 9 сынып оқушылары қалалық олимпиадада жүлделі I және IIорындарды алып дипломдармен марапатталды.

1995 жылдан өткізіліп отыратын аудандық,қалалық, кейінірек республикалық ғылыми жоба жарыстарына оқушыларды дайындап, қатыстырып, жүлделі орындарды алып отырды. 2003 жылы дайындаған шәкірті республика бойынша жүлделі II орынды жеңіп алды. 2004-2009 жылдары қала әкімі ұйымдастырған ғылыми жоба жарысында шәкіртері қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып,еңбектері жинақ кітапшасына еңгізілді. Әлия Мәсімбайқызынан білім алған шәкірттерінің бірі таңдаған мамандықтары бойынша қызмет істеп жүрсе, екіншілері жоғарғы оқу орындарында оқып, білімдерін жетілдіруде

Көпекбай Ә.М.– шығармашылық жұмысында да табысты ұстаз. Ол көптеген әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтың авторы. 1995 жылы Қазақстан тарихынан алғашқы тест тапсырмаларын құрастырып, тест жинағын шығарған авторлардың бірі болды. 1995-1997 жж. «Қазақ елінің қысқаша тарихы» оқулығы бойынша оқушыларға арналған жұмыс дәптерін жазды. 1997-1999 жылдары жарық көрген Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы бойынша 9-10 сыныптарға арналған тест тапсырмаларын құрастырған авторлық ұжым мүшесі. Жаңа буын оқулығы бойынша Төмендегідей әдістемелік кешендер мен оқу құралдарының авторы:

5 сынып – «Ежелгі Қазақстан тарихы» әдітемелік нұсқау және жұмыс дәптері. Атамұра, 2001ж., 2005ж.; 6 сынып – «Ежелггі Қазақстан тарихы» дидактикалық материалдар және жұмыс дәптері. Атамұра, 2002ж.; 7 сынып - «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» әдістемелік нұсқау. Атамұра, 2003ж.; 8 сынып – «Қазақстан тарихы» әдістемелік нұсқау және дидактиклық материалдар. Мектеп, 2004 ж.; 9 сынып – «Қазақстан тарихы» дидатикалық материалдар. Мектеп, 2003, 2006, 2009 ж.ж..; 10 сынып – «Қазақстан тарихы» (жаратылыстану-математика бағыты),әдістемелік нұсқау. Мектеп, 2006 ж.2010 ж.; 10 сынып – «Қазақстан тарихы» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) әдістемелік нұсқау. Мектеп, 2006ж,2010ж..; 10 сынып – «Қазақстан тарихы» (жаратылыстану-математика бағыты) дидатикалық материалдар.Мектеп, 2006ж, 2010ж..; 10 сынып – «Қазақстан тарихы» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) дидактикалық материалдар. Мектеп, 2006ж, 2010ж.; 10 сынып – «Қазақстан тарихы» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Хрестоматия, Мектеп, 2006ж. 2010ж.; 11сынып – «Қазақстан тарихы» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Хрестоматия, Мектеп, 2007ж,2011ж.

Сонымен қатар төмендегідей электрондық оқулықтары баспадан шықты:

8 сынып – «Қазақстан тарихы» 2004 ж.; 7 сынып – «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» 2006 ж.

Көпекбай Әлия Масимбайқызы жаңашыл, беделді ұстаз. Жас ұстаздарға тәлімгер. 1990 жылы Қазақ КСР - і Халыққа Білім беру Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 1993 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі белгісімен марапатталды.

 

шаблоны для dle

Категория: Октушылар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.