Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Бәкібаева Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы

 

Бәкібаева Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы


Бәкібаева Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы ұзақ жылдар бойы үздіксіз математика пәнінен сабақ беріп келе жатқан, тәжірибелі ұстаз, соның ішінде осы гимназияда 14 жыл еңбек етеді.

Нұрбақыт Ғабдышүкірқызының кәсіби біліктілік деңгейі жоғары, жан дүниесі терең, адамгершілігі мол. Ол өзінің ұстаздық шеберлігін заман талабына сай және шәкірттерінің жеке басының ерекшеліктеріне қарай жетілдіріп, үнемі шыңдау үстінде.

Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы 14 жыл қатарынан «Математика, физика және информатика» пәндерінің кафедрасына жетекшілік етіп келеді. Кафедра мұғалімдерінің оқу үрдісіндегі дәстұрлі әдістер мен жаңа технологияларды жете меңгеруіне де көп ықпал жасайды. «Оқушылардың оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс істеуін деңгейлік тапсырмалар арқылы ұйымдастыру» деген тақырыпта әдістемелік ізденіс жасайды. Зерттеу тақырыбы бойынша мектеп кафедрасында, аудандық, калалық семинарларда өз тәжірибесімен бөлісіп, «Оқытудың жаңа технологиясының мәні», «Деңгейлеп, саралап оқыту тәжірибесінен», «Дамыта оқытудың басты ерекшеліктері» т.с.с тақырыптарда түрлі баяндамалар оқыды. Оларда бірнеше ашық сабақтар көрсетті. Мысалы, 2008 жылы қарашада қалалық тренингте «Күрделі иррационал теңдеулер шешу», 2009 жылы қазан айында аудандық семинарда «Озық ойлы оқушы» атты жарыс сабақтарын өткізді. Қаланың сынып жетекшілері семинарында «Асқақтаған Алматым, әлемге сан қырынан тәнті атың» тақырыбында тәрбие сағатын көрсетті.

Нұрбақыт Ғабдышүкірқызының оқушылары жыл сайын «Кенгуру» және «Ақбота» сайыстарында жүлделі орындарға ие болуда. Аудандық олимпиадада және «Тұран» университеті ұйымдастырған олимпиадада оқушылары атаулы орындарды жеңіп алды. Ұстаздың шәкірттерінің білім сапасы да жоғары. Мысалы, Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы жетекшілік еткен 11«б»сыныбы 2008 оқу жылындағы ҰБТ-ны нәтижелі тапсырып, 3 оқушысы «Алтын белгі» алды, ал жалпы математика пәні бойынша 1 оқушы – 24 балл, 5 оқушы – 23 балл, 14 оқушы «5»-ке тапсырды. ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 2007 жылы 86% құрады.

Қазіргі жетекшілік ететін 6«ә» сыныбы оқушылары сапалы білім, саналы тәртіптілігімен ерекшеленеді. Оларды түрлі пәндік, би, домбыра, спорттық жарыстарға белсене қатысуларын зор жауапкершілікпен ұйымдастырып, ықпал етіп отырады.

«Жас Өркен», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ» газет-журналдарына сынып оқушылары толығымен жазылып, өз шығармаларын жариялап отырады.

Біліктілігін арттыруы туралы мәлімет:

Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында «9-сыныпқа арналған жаңа буын оқулығы бойынша математиканы оқыту ерекшеліктері», Ұлттық ақпараттану орталығында «Математикадан оқушылардың қорытынды аттестациясын жүргізудің мазмұны, әдісі, түрлері» атты курстардан өткен.

Баспа бетінде жарияланған еңбектері:

1)«Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалдық жарыс сабағы. «Физика және математика» журналы, 2000ж., №5;

2)«Жазықтықтағы түзулер мен фигуралардың орналасуы» қорытындылау сабағы. «Физика және математика» журналы, 2005ж., №2;

3)Оқу әдістемелік күнтізбелік жоспары. 8-9 сыныптар үшін (2003ж.);

4)Математика пәнінен тест тапсырмаларының әдістемелік нұсқаулары (2000-2008ж.);

5)Алматы қаласының білім басқармасы шығарған «Математиканың 100 таңдаулы сабағы» кітабында ашық сабағы жарияланды (2011 ж.).

6)«Сынып жетекшісі» 2004ж. №6 және «Мектептің сынып жетекшісі» 2005 ж. №1 журналдарында ашық тәрбие сағаттарының жоспары шықты.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі (2000ж.)

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы (1996ж.)

Алматы облыстық Білім басқармасының Құрмет Грамотасы (1994ж.)

Медеу аудандық әкімінің Құрмет Грамотасы (2001ж.)

Медеу аудандық Білім бөлімінің Мақтау қағазы (2005ж., 2006ж., 2007ж., 2008ж., 2010ж., 2011 ж.)

Нұрбақыт Ғабдышүкірқызы бірнеше жыл аудандық аппеляция комиссиясының мүшесі, осыған орай қалалық коллегияда ҰБТ-ға байланысты өз пікірімен бөлісіп отырады.

Ата-аналарымен ынтымақтаса жұмыс істей біледі.