Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Аухадиева Рысқаным Иманалықызы



Аухадиева Рысқаным Иманалықызы

 

Аухадиева Рысқаным Иманалықызы №159 гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 2004 жылдан бастап еңбек етеді. Өз пәнін жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін теориялық білімі терең ұстаз. Интерактивті технологияларды жете меңгерген. Шәкірттерімен ынтымақтастықта жұмыс істеу жолымен оқыту тиімділігін арттырады. Өз пәнінің коммуникативтік мәнін жүзеге асыруға көп көңіл бөледі. Сабақты нәтижеге бағдарлай ұйымдастыра білетін білікті маман. Ол қазіргі үш тұғырлы тіл саясатының талаптарына сәйкес «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту» тақырыбы бойынша ізденеді. Сабақтары репродуктивтік күйде қалып қоймай, өнімді және шығармашылық деңгейлерде өтеді. Ұстаздың оқушылары өз бетінше түсініп тыңдау, түсініп оқу, өз ойларын жазбаша жеткізу және диалогтық-монологтық сөйлеу әрекеттерін меңгерген. Тілмен табыстыруда фонетикалық, функционалдық грамматикалық материалдарды мәтінмен үйлесімде пайдаланады. Шәкірт бойында көркем әдебиетке сүйіспеншілік рухын оятады. Рысқаным Иманалықызының оқытқан оқушылардың орыс тілі мен әдебиетінен білімдері жоғары деңгейде - 90-100% сапалық көрсеткіш көрсетуде.

Мұғалімнің іс-тәжірибиесі туралы баспада бірнеше мақалалар жарық көрген: «Білім берудегі менеджмент» (№2 2006 жыл), «Русский язык в школах и вузах Казахстана» (№4 2006 жыл), «Русский язык и литература в казахской школе» (№3, 2008жыл) және «Русская словесность в школе» (№5 2010 жыл), «Русская словесность в школе»( №2 2011 жыл) журналдарында ұстаздың педагогикалық-әдістемелік озық ой-пікірлері жарияланған. 2010 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Лучшие работники образования Республики Казахстан «Сердце, отданное детям» атты кітаптың 74-бетінде Аухадиева Рысқаным Иманалықызының іс-тәжірибиесі орын алды. 2011 жылы 7 наурызда Р.Б. Нұртазинаның 90 жасқа толуына байланысты Рысқаным Иманалықызы 10 «Ә» сыныбында «Любви открытые уроки» атты берген ашық сабағы 17 наурызда «Хабар» телеарнасында «Іске сәт» бағдарламасында көрсетілген. Рысқаным Иманалықызы оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға көпкөңіл бөледі. Гимназияда оның жетекшілігімен «Юный поэт» атты үйірме жүргізіледі. Оқушылардың шығармашылық өлеңдері газет-журналдарда жарық көріп жүр.

 

2009-2010 оқу жылында үш тілділікке байланысты қалалық семинарда «Тема поэта и поэзия. Лермонтов и Пушкин» тақырыбында 9«Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Осы сабақ туралы «Русская словесность в школе» журналында (№5 2010 жылы) «Урок открытых мыслей» атты мақала шыққан. 6 «В» сыныбында «О времени и виде глагола» тақырыбында өткізген ашық сабағы «Русская словесность в школе» журналының 2011 жылғы екінші нөмірінде жарияланған.

Ұстаздың оқушылары аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болуда: 2006 жылы қалалық олимпиадада Ынтымақова Айшолпан 2 дәрежелі диплом алды, Баймуханбетов Алмас қалалық олимпиадада 1 дәрежелі диплом алып, республикалық олимпиадаға қатысты, 2008-2009 оқу жылы Манарбек Лимара қалалық олимпиадада 1 дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Рысханым Иманалықызы өз біліктілігі мен ізденімпаздық қабілетінің арқасында шәкірттері мен ата-аналары арасында құрметке бөленген ұстаз. Оқушыларға сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі үздік еңбектері үшін қалалық, аудандық, облыстық Білім басқармаларының Құрмет грамоталарымен марапатталған.