Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
+77075327722
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2014

Айнабекова Салтанат Рауанқызы

 

Айнабекова Салтанат Рауанқызы


Айнабекова Салтанат Рауанқызы – 1996 жылдан Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Ұстаз өз сабақтарында мемлекеттік білім стандартын жүзеге асыра отырып, оқытудың тұлғаға бағытталуын қамтамасыз етеді. Нәтижеге бағдарланған оқу үрдісінде пәндік құзыреттермен бірге іргелі кілттік қүзыреттердің қалыптасуына қол жеткізеді. Инновациялық, интерактивтік, ақпараттық оқыту технологияларын дәстүрлі әдіс-тәсілдермен үйлестікте оқушылардың дайындық ерекшеліктері және оқу материалына қарай шығармашылық тұрғысынан бейімдеп қолданады. Салтанат Рауанқызының оқушыларының білім сапасы – жоғары.

Республикалық пәндік олимпиадада оқушысы Мамырбаева Айнұр жүлделі орын алса, Текесбаева Әсел республикалық шығарма жазудан жүлдегер атанған. Оқушылары жыл сайынғы «Абай оқулары», «Мақатаев оқуларына» белсенді қатысып, шығармашылық өнерлерімен танылуда Алматы қаласы Тілдер басқармасы ұйымдастырған «Тіл нәрімен бөліс» атты байқауда оқушысы Рысбекова Лазиза бас жүлдені жеңіп алса, Тоқақызы Ақсұңқар екінші жүлделі орынды иеленіп, екеуі де Алматы әкімшілігінің заттай сыйлықтарымен марапатталған. 2009-2010 оқу жылында Әкежанова Нұрдананың «Астана-елімнің бас қаласы» тақырыбында жазған шығармасы Астана қаласынан шыққан жинаққа енген. Оқушысы Әнесова Әлия 3 жыл қатарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық, қалалық олимпиада жүлдегері атанған. Айнабекова Салтанат – 11-сынып оқушыларын жылма-жыл Бірыңғай ұлттық тестлеуге әзірлеуге аянбай еңбек етіп жүрген ұстаз. Тестке әзірлеген шәкірттері арасынан бірнеше жыл қатарынан жоғарғы көрсеткіш көрсетіп келеді. 2011 оқу жылында мектеп бітірген сыныбындағы шәкірттері: Ерназаров Берік, Қанен Абылайхан, Әкежанова Нұрдана, Беделбай Әсел «Алтын белгі» төсбелгісін алса, Сейдуманова Сания, Әбілхакім Айнұр– халықаралық ғылыми жоба жүлдегерлері. Манарбек Лимара Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев университетінің грантының жеңімпазы.

Салтанат Рауанқызы ғылыми-әдістемелік шығармашылықпен де айналысады. 5-сынып «Қазақ тілі», 8-сынып «Қазақ әдебиеті» жаңа буын оқулықтарын сараптау комиссиясының құрамына еніп, ескертпелер, ұсыныстар жасап, пікірлер жазған. Оның 8- сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы Әл-Фараби тақырыбы бойынша айтқан пікірін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінде құрылған сараптау комиссиясы құптаған. 2003 жылы мамыр айында Абай атындағы Алматы Қазақ ұлттық Университетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Мұхтар Әуезовтың «Көксерек хикаяты» бойынша модульдеу тәсілімен өткізген сабағы жоғарғы бағаға ие болып, мәтіні университеттен шыққан жинаққа енген. 7-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» дидактикалық материалының авторы. Республика мен Алматы қаласы мұғалімдеріне жаңа буын оқулықтарының авторларын қатыстыра отырып, бірнеше дүркін эксперименттік байқау сабақтар өткізген. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды енгізу оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда 7-сыныпта, «Білімді дамытудың жаңа бағдарламасы» атты республикалық семинарда 8-сыныпта ашық сабақ өткізген. Сабақтың өту әдіс-тәсілдері, қолданылған ақпараттық оқу құралдары, сабақтың құрылымы өте жоғары бағаланып, іс-тәжірибесі Республика көлемінде таратуға ұсыныс жасалған. 2006 жылы «Рәміздерім мақтанышым» атты республикалық семинарда көрсеткен үлгілі, дәстүрлі емес тәрбие сағатын Республиканың түкпір-түкпірінен келген әріптестері өте жоғары бағалап, мақтау қағазымен марапатталған. 2006-2007 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы мен Алматы қалалық білім департаменті ұйымдастырған қалалық семинарларда бірнеше ашық сабақтар өткізген, сабақ материалдары баспасөз беттерінде жарық көріп, республика көлемінде таратылған.

Ол жылма-жыл Бірыңғай Ұлттық Тестілеу кезінде құрылған апелляциялау комиссиясының мүшесі және аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтетін олимпиаданың әділ қазылар алқасының мүшесі. 2003-2004, 2004-2005 оқу жылдарында ҚББЖМБККДИ жанынан құрылған шығармашылық топтың мүшесі.

2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2006 жылы Алматы қаласы әкімінің негізгі еңбекақысына үстемақы төлейтін грантының иегері болған.

Салтанат Рауанқызы туралы оқушылары мен әріптестерінің пікірі:

Орта сынып оқушылары:

«...шәкіртіне ана да бола алады, туған анасындай баурап, жанын терең түсінетін балажан, қайырымды, инабатты, әрбір балаға құрметпен қарайды.

Жоғары сынып оқушылары:...сөзімен де, ісімен де, жүріс-тұрыс, киім киіс ұқыптылығымен де, эстетикалық талғамы жоғары ұстаз».